Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың жекешелендіру және IPO мәселелері жөніндегі дәйексөздері.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылғы 3 желтоқсандағы халықаралық инвестициялық компаниялар өкілдерімен сөйлеген сөзінен:

«Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының мұнай-газ, энергетика, инфрақұрылым және басқа да салаларында 700-ден астам мемлекеттік кәсіпорынды жекешелендіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Біз ірі компаниялардың акцияларының ұлттық қор биржаларында тіркелгенін құп көреміз».

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың 2021 жылғы 11 ақпандағы Samruk Business Forum отандық кәсіпкерлерді қолдау форумында сөйлеген сөзінен:

Мемлекет меншігінен шығару саясатының үш негізгі қағидаты:

Бірінші, жекешелендіру жеке монополистердің пайда болуына жол бермеуге тиіс. Өкінішке қарай, бізде инфрақұрылымның негізгі нысандарын тиімсіз жекешелендіру деректері бар. Мемлекеттің экономикалық мүддесіне нұқсан келтіретін орынсыз жекешелендірулерге жол беруге болмайды. Бұған Үкімет пен қор жауапты.

Екінші, активтерді жекеге сату бюджетке түсетін салмақты азайтуға септігін тигізуі қажет.

Үшінші, жекешелендірудің нақты экономикалық қайтарымы болуы тиіс. Кез келген кәсіпорынды жекешелендіруді оның тиімділігін жақсарту, ұлттық экономикаға қосатын үлесін арттыру деп түсіну керек.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың 2022 жылғы 27 маусымындағы «Астана» Халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысында сөйлеген сөзінен:

«Еліміздің қарапайым азаматтары Ұлттық компаниялардың акцияларын иеленуге және салымдарынан өз дивиденттерін алуға мүмкіндігі болуға тиіс. Дәл осындай жолмен халықтың инвестициялық мәдениеті қалыптасады. IPO-ға қатысу Қазақстанның барлық тұрғыны үшін қолжетімді болуы қажет. Ол үшін қағазбастылық пен бюрократияны болдырмайтын жаңа цифрлық шешімдер керек».






Қор активтерінің құрылымы
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсібінің, тау-кен металлургия кешенінің, энергетика және жылжымайтын мүлік кәсіпорындары кіреді.
90,42%
Қордың иелену үлесі
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Қазақстанның тігінен интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы болып табылады. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, қайта өңдеуге және сервистік қызмет көрсетуге дейінгі барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады.
Толығырақ
51%
Қордың иелену үлесі
«Қазақтелеком» АҚ — Қазақстандағы ең ірі телекоммуникациялық компания, ұлттық байланыс операторы мәртебесіне ие.
Толығырақ
100%
Қордың иелену үлесі
«Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ тігінен интеграцияланған компания болып табылады және қатты пайдалы қазбаларды барлау, игеру, өндіру, қайта өңдеу және сату саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі тиімді қызметті қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
Толығырақ
100%
Қордың иелену үлесі
«QazaqGaz» ҰК» АҚ отандық және сондай-ақ шетелдік газ нарығында мемлекеттің мүдделерін білдіретін Қазақстан Республикасының негізгі газ компаниясы болып табылады.
Толығырақ
100%
Қордың иелену үлесі
«Самұрық-Энерго» АҚ бұрыннан бар өндіруші қуаттарды жаңғырту және жаңаларын енгізу бойынша ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру мақсатында құрылды. Компанияның негізгі қызметі электр энергиясын өндіру, жылу энергиясын өндіру, электр энергиясын беру және тарату, энергетикалық көмір өндіру болып табылады.
Толығырақ
100%
Қордың иелену үлесі
QAZAQ AIR – Нұр-Сұлтан қаласындағы хабы және ел өңірлерін хаб әуежайында ауысып отырумен ыңғайлы қосуды қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылған маршруттық желісі бар өңіраралық тасымалдаушы.
Толығырақ
75%
Қордың иелену үлесі
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ әлемдегі ең ірі ресурстық базалардың біріне басым қолжетімділікпен әлемдегі ең ірі табиғи уран өндіруші болып табылады. Қазатомөнеркәсіптің акциялары 2018 жылғы қарашадан бастап «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында және Лондон қор биржасында саудаланады.
Толығырақ
100%
Қордың иелену үлесі
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ - Қазақстанның магистральдық темір жол желісінің ірі операторы.
Толығырақ
90%
Қордың иелену үлесі
«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ-ға Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторы мәртебесі берілді.
Толығырақ
100%
Қордың иелену үлесі
«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС химия саласындағы жобалармен айналысатын арнайы компания болып табылады.
Толығырақ
51%
Қордың иелену үлесі
«Эйр Астана» АҚ Орталық Азиядағы жетекші авиатасымалдаушы болып табылады. Топ Еуразияның орталығында орналасқан және әлемдегі ең төменгі шығын көрсеткіштерінің бірін сақтай отырып, қызметтердің толық кешенін де, сондай-ақ төмен бюджеттік авиатасымалдарды да ұсынады.
Толығырақ
100%
Қордың иелену үлесі
«Қазпошта» АҚ — Қазақстан Республикасының Ұлттық пошта байланыс операторы және барлық қалалар мен елді мекендерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша пошта және қаржылық қызметтердің толық спектрін ұсынатын, посткеңестік кеңістіктегі ең серпінді дамып келе жатқан компаниялардың бірі.
Толығырақ
Жекешелендіру/қайта құрылымдау бөлінісінде тікелей активтердің құрылымы
Структура активов Структура активов