IPO/SPO
IPO дегеніміз не?

IPO (Initial Public Offering) – компания акцияларының алғашқы жария орналастыруы, сонымен қатар ол эмиссия деп те аталады. Компания - эмитент өзінің акцияларын алғаш рет нарыққа шығарады және оларды көптеген инвесторлар сатып алады.

IPO компанияға әртүрлі инвесторлардан өздері үшін жеткілікті тиімді шарттарда айтарлықтай қаржы ресурстарын тартуға мүмкіндік береді. Инвесторлар компания бизнесінің шағын «үлесін» алады және іс жүзінде осы компанияның ортақ иелеріне айналады.

Биржаға шыққаннан кейін компанияның статусы өзгереді — жеке меншіктен, ол ашыққа айналады және оның акциялары биржада еркін айналымда болады және оны кез-келген адам сатып ала алады.

SPO дегеніміз не?

SPO (Secondary Public Offering) – бұрыннан бар акционерлерге, әдетте, компания құрушыларына немесе венчурлік қорларға тиесілі акцияларды жария орналастыру.

SPO - бұл қайталама нарықтан алынған қолданыстағы, біреуге тиесілі акциялардың ұсынысы. Әдетте, өздерінің пайдасын бекітетін компания құрушылары, яғни бастапқы акционерлер немесе венчурлық қорлар өздерінің бағалы қағаздарын SPO арқылы сатады.

SPO, IPO-дан айырмашылығы, компанияның жарғылық капиталының мөлшеріне әсер етпейді. Бірақ сонымен бірге, мұндай орналастыру компанияны көпшілікке жария етеді, яғни акциялары бағалы қағаздар нарығында еркін айналымда болады. Сонымен қатар, акционерлердің саны артады, бұл акцияларды өтімді етеді.

Компаниялар IPO-ға үміткерлер
  • 100%
    Қорды иелену үлесі
  • 100%
    Қорды иелену үлесі
  • 79,24%
    Қорды иелену үлесі
  • 100%
    Қорды иелену үлесі
  • 100%
    Қорды иелену үлесі
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – 2026 жыл
IPO стратегиялық периметрі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ
  • Тігінен интеграцияланған тасымалдау
  • Жолаушылар тасымалы
  • Қосалқы қызмет
  • Логистикалық қызмет
Тігінен интеграцияланған тасымалдау
  • «Казтеміртранс» АҚ
  • «ҚТЖ – Жүк тасымалдары» ЖШС
  • «Кедентранссервис» ЖШС
  • «Құрық порты» ЖШС
Жолаушылар тасымалы
  • «ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері» ЖШС
  • «Жолаушылар тасымалы» АҚ
  • «Вагонсервис» АҚ
Қосалқы қызмет
  • «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС
  • «Темiржолсу» ЖШС
  • «Транстелеком» АҚ
Логистикалық қызмет
  • «Біріккен көлік-логистикалық компания - Еуразиялық темір жол альянсы» АҚ (33,33%)
  • «KIF WAREHOUSES» ЖШС (51%)
  • Xinjiang KTZ International LogisnicsCo.LTD
  • «KTZE-KhorgosGateway» ЖШС (51%)
  • «KTZ ExpressHongKong» ЖШҚ
  • YuXinOu(Chongqing) LogisticsCo., Ltd (16,30%)
  • «Қытай - Қазақстан халықаралық логистикалық компаниясы» ЖШҚ (49%)
  • «KTZ-Express» АҚ
Толығырақ
«Қазпошта» АҚ – 2028 жыл
«Қазақтелеком» АҚ – 2029 жыл
«QazaqGaz» ҰК» АҚ – 2029 жыл
IPO стратегиялық периметрі «QazaqGaz» ҰК» АҚ
  • Газды тасымалдау
  • Газ өндіру
  • Қосалқы қызмет
Газды тасымалдау
  • «QazaqGaz» ҰК» АҚ
  • «Интергаз Орталық Азия» АҚ
  • «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС (50%)
  • «Азиялық газқұбыры» ЖШС (50%)
  • «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ
Газ өндіру
  • «Амангелді Газ» ЖШС
  • «Отан Газ» ЖШС (50%)
Қосалқы қызмет
  • «Qazaq Gas Qurylys» ЖШС
  • «Азиялық Газқұбыры – Хоргос» ЖШС
  • «АвтоГазАлматы» ЖШС
  • «КазТрансГаз Өнімдері» ЖШС
  • KTG Finance B.V.
Толығырақ
«Qazaq Green Power PLC» ЖК – 2030 жыл