Қазақстанның жүйе құраушы көлік компаниясы ретінде біз клиенттеріміздің бизнесінің тұрақты өсуі үшін сапалы негізді қамтамасыз етеміз, Жалғыз акционерге құнын жасаймыз және қауіпсіз, әрі бәсекеге қабілетті тасымалдау қызметтерін көрсету арқылы тұтынушыларға және жалпы қоғамға пайда келтіреміз.

Біз бизнес жүргізудің озық тәжірибесіне сәйкес жұмыс істейтін тиімділігі жоғары көлік компаниямыз.

Біз жүк және жолаушылар тасымалын қоса алғанда, көлік инфрақұрылымы қызметтерінің сенімді провайдеріміз.

Біз бизнес-процестерді жетілдіру, қызметті цифрландыру және қызметкерлердің кәсіпқойлығын арттыру есебінен көрсетілетін қызметтердің тұрақты дамуы, сапасы мен экономикалық тиімділігі бойынша ұқсас компаниялар арасында көшбасшымыз.


Компания қызметінің бағыттары
  • Магистральдық темір жол желісінің қызметтері;

  • Темір жол жүк тасымалы;

  • Теміржол жолаушылар тасымалы;

  • Көліктік-логистикалық қызметтер;

  • Жүк вагондарын өңдеу.

Акционерлер
100%
«Самұрық-Қазына» АҚ
Ағымдағы мәртебесі

Мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 10 маусымдағы шешіміне сәйкес «ҚТЖ» ҰК» АҚ (бұдан әрі - ҚТЖ) IPO өткізу мерзімі 2023 жылға келісілді. Алайда, жақын арада компанияның қаржылық жағдайын IPO өткізу үшін жеткілікті деңгейге дейін айтарлықтай жақсарту күтілмегендіктен, ҚТЖ IPO мерзімін 2025 жылға ауыстыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.

ESG күн тәртібі

ESG-факторлар үш бастамадан тұратын тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша стратегиялық мақсат аясында ҚТЖ-ның 2029 жылға дейінгі даму стратегиясында қарастырылған:

  • -Әлеуметтік тұрақтылықты арттыру және кадрлық әлеуетті дамыту. Бұл үшін компания толық әлеуметтік пакет және оқыту мен кәсіби дағдыларды арттыру мүмкіндігін ұсына отырып, өз қызметкерлерінің өмірі мен жұмысы үшін барынша қолайлы жағдайлар жасайды; жаңа жұмыс орындарын құра отырып, көлік құрамдасын азайта отырып, халықтың жинақылығын арттыра және қайырымдылық жобаларды іске асыра отырып, Қазақстан халқының өмір сүру жағдайларын жақсартады. Компания қызметкерлерінің материалдық әл-ауқатын арттыру мақсатында 2021 жылы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 20%-ға, ал 2022 жылы тағы да 25-35%-ға ұлғайды;
  • - Экологиялық тұрақтылық. Компания табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, ластаушы заттар шығарындыларын, төгінділерін біртіндеп азайту, қалдықтардың пайда болу көлемін азайту және оларды қайта қолдану, сондай-ақ энергия үнемдейтін технологияларды пайдалану есебінен қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуды жалғастырады;
  • - Корпоративтік басқаруды жетілдіру. Компания тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау, тұрақты даму және қызметтің ашықтығы жүйесінің тиімділігін арттыруды жалғастырады. Тәуелсіз диагностика жүргізу қорытындысы бойынша ҚТЖ-ның Корпоративтік басқару рейтингі «ВВ» деңгейінде бағаланды.

Күн тәртібі ҚТЖ-ның барлық еншілес ұйымдарына бірдей.

Көміртектің әсері

Компанияның көміртегі әсері тікелей және жанама шығарындыларды қамтиды.

Парниктік газдардың тікелей шығарындылары жылжымалы көздерді (тепловоздар, дрезиналар, автомобильдер) және тұрақты тұтынушыларды (қазандарды, қазандықтарды, пештерді) пайдалану процесінде жүзеге асырылады.

2013 жылдан бастап 2021 жылға дейін СО2 тікелей шығарындыларының 7%-ға (2 079 мың тоннадан 1 941 тоннаға дейін) төмендеу динамикасы байқалады.

2019 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңде қоршаған ортаға эмиссиялар серпіні, мың тонна.

Ластаушы заттар эмиссияларының үлесі, %

2019 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде ластаушы заттар шығарындыларының, төгінділерінің көлемі, тонна.


Инвестициялық тартымдылық

Компанияның 2029 жылға дейінгі даму стратегиясы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № 13 шешімімен бекітілген.

Стратегияда бес стратегиялық мақсат көзделген:

  • 1. Компанияны қаржылық тәуекел аймағынан шығару және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
  • 2. Компанияның тиімділігін арттыру;
  • 3. Клиенттердің қанағаттанушылығын арттыру;
  • 4. Поездар қозғалысының қауіпсіздігіне кепілдік беру;
  • 5. Компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

Негізгі артықшылықтары:

  • компанияның тасымалдау қызметі Қазақстан Республикасының 14 облысымен және республикалық маңызы бар 3 қаламен және 16 түйісу пункті арқылы көршілес бес елмен: Қытаймен, Ресеймен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен және Түркіменстанмен экономикалық өзара байланысты қамтамасыз етеді;
  • жүк айналымы мен кірістері бойынша ҚТЖ әлемнің 15 ірі теміржол компаниясына кіреді;
  • еншілес компания – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ нарықтың 96% үлесімен жүктердің ұлттық тасымалдаушысы мәртебесіне ие. 2018 жылдың соңына дейін бұл сегмент монополиялық болды – үлестің 100%-ы компанияға тиесілі. Мемлекет осы сегментте бәсекелестікті дамытуды жоспарлап отыр және 2018 жылдың соңында пилоттық жоба аясында 2 жеке тасымалдаушы инфрақұрылымға қабылданды: 10 маршрутта тасымалдайтын «DAR Rail» ЖШС және 15 маршрутта тасымалдайтын «ТТТ Сервис» ЖШС;
  • автокөлікпен және құбырмен салыстырғанда теміржол тасымалдарының жүк айналымының үлесі 50%-ды құрайды;
  • еншілес компания – «Жолаушылар тасымалы» АҚ 74% нарық үлесімен ҚТЖ-ның барлық желісінде жолаушылар тасымалдайды;
  • вагон операторы мен «Қазтеміртранс» АҚ-ның еншілес компаниясы нарығының үлесі - 43%;
  • ҚТЖ - еліміздің ең ірі жұмыс берушісі. Компаниялар тобында 113 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы - еліміздегі локомотивтердің, жүк және жолаушылар вагондарының ірі меншік иесі, сондай-ақ Қазақстандағы ең ірі жұмыс берушілердің бірі.



Теміржолдардың ұзындығы бойынша Қазақстан жолтабан ені 1520 мм ТМД және Балтық елдері арасында 3-орынды алады.

Өндірістік нәтижелер

Жүк тасымалы

Компанияның тарифтік жүк айналымы 2019 жылдан 2021 жылға дейін өсті. Өсім импорттық және транзиттік қатынастардағы жүк айналымының ұлғаюына байланысты.


Контейнерлердегі транзит 2020 жылғы деңгейге қарағанда 22%-ға өсіп, 1 066 мың ЖФЭ-ні (жиырма футтық эквивалент) құрады.

2019-2021 жылдар аралығындағы жүк айналымы, млрд т-км



2019 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңде контейнерлердегі транзит, мың ЖФЭ

Жолаушылар тасымалы

Компанияның жолаушылар айналымы 2021 жылы 2020 жылғы деңгейге қарағанда 49,9%-ға өсіп, 9 524,3 млн п-км құрады.

Компания негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша оң динамиканы көрсетеді.




Қаржылық көрсеткіштер
Өлшем бірлігі
2019
2020
2021
Активтер
млрд теңге
3 341,9
3 367,2
3 604,1
Кірістер
млрд теңге
1 140,0
1 173,8
1 330,2
EBITDA
млрд теңге
302,9
349,5
408,4
Таза кіріс
млрд теңге
-70,2
16,2
119,1
Қарыз
млрд теңге
1 511
1 606
1 643
Қарыз/EBITDA (3,0-ден астам емес)
коэфициент
5,2
4,8
4,0
Салықтар
млрд теңге
94,3
91,4
120,8
Өндірістік көрсеткіштер
Өлшем бірлігі
2019
2020
2021

Жүк айналымы (т/ж)

млрд ткм
224,0
231,8
233,3
оның ішінде контейнерлік транзит
мың ЖФЭ
664,6
876,0
1 065,6
Жолаушылар айналымы (т/ж)
млрд пкм
14,0
6,4
9,5
Корпоративтік басқару рейтингі BB
Fitch Ratings ВВВ-
  • Тігінен интеграцияланған тасымалдау
  • Жолаушылар тасымалы
  • Қосалқы қызмет
  • Логистикалық қызмет
Тігінен интеграцияланған тасымалдау
  • «Казтеміртранс» АҚ
  • «ҚТЖ – Жүк тасымалдары» ЖШС
  • «Кедентранссервис» ЖШС
  • «Құрық порты» ЖШС
Жолаушылар тасымалы
  • «ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері» ЖШС
  • «Жолаушылар тасымалы» АҚ
  • «Вагонсервис» АҚ
Қосалқы қызмет
  • «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС
  • «Темiржолсу» ЖШС
  • «Транстелеком» АҚ
Логистикалық қызмет
  • «Біріккен көлік-логистикалық компания - Еуразиялық темір жол альянсы» АҚ (33,33%)
  • «KTZ-Express» АҚ
  • «Қытай - Қазақстан халықаралық логистикалық компаниясы» ЖШҚ (49%)
  • YuXinOu(Chongqing) LogisticsCo., Ltd (16,30%)
  • «KTZ ExpressHongKong» ЖШҚ
  • «KTZE-KhorgosGateway» ЖШС (51%)
  • Xinjiang KTZ International LogisnicsCo.LTD
  • «KIF WAREHOUSES» ЖШС (51%)