IPO-ға қатыс
Қор компанияларының акцияларын қалай сатып алуға болады?
Бөлшек инвесторлар (жеке тұлғалар) бағалы қағаздарды сатып алудың төрт тәсілінің бірін таңдай алады:
  • 1. Брокерлік компания арқылы.
    Бұл әдіс бағалы қағаздарды тұрақты негізде сатып алу/сату бойынша одан әрі операцияларды жүзеге асыруды, сондай-ақ брокерлерден нарық бойынша аналитикалық материалдарды алуды жоспарлап отырған инвесторларға қолайлы. Көптеген брокерлер өз клиенттеріне веб-сайттар және/немесе мобильді қосымшалар арқылы қызмет көрсетеді.
  • 2. Halyk Homebank мобильді қосымшасы арқылы.
    Halyk Homebank мобильді қосымшасы арқылы Invest бөлімінен кез келген акцияны сатып алуға осы әдіс мүмкіндік береді. Шот ашу уақыты 15 минуттан асды. Бұл мобильдік қосымша Halyk Homebank мобильдік қосымшасының ішіндегі инвестициялық шотты толықтыруға, акцияларды 5 теңгеден бастап сатып алуға және сатуға, өз шоттары арасындағы сомаларды комиссиясыз айырбастауға, IPO - ға қатысуға мүмкіндік береді.
  • 3. Tabys қосымшасы арқылы.
    Бұл әдіс акцияларды брокерлік шот ашпай, мобильді қосымшаның көмегімен тікелей жазылу арқылы сатып алуға мүмкіндік береді. Тікелей жазылу арқылы сатып алынған акцияларды болашақта сату үшін инвесторға брокерлік шот қажет болады, сондықтан егер сіз ұзақ уақыт акционер болып қалуды жоспарласаңыз, бұл әдіс сізге қолайлы.
  • 4. «Қазпошта» арқылы.
    Бұл әдіс брокерлік компаниялар ұсынылмаған шалғай аймақтардағы инвесторлар үшін және / немесе интернетке тұрақты қолжетімділігі жоқ адамдар үшін қолайлы. «Қазпошта» брокер қызметтерін, шарт жасасу және брокерлік компаниямен одан әрі өзара әрекеттесу үшін трансфер-агент қызметтерін, сондай-ақ арнайы терминалдар арқылы тікелей жазылу қызметтерін ұсынады.
1. Брокерлік компания арқылы акцияларды сатып алу жөніндегі нұсқаулық
1 -қадам
Брокерді таңдау және онымен шарт жасасу.
Мұны алдын ала жасаған дұрыс. Көптеген брокерлер олармен офисте хабарласу арқылы да, веб-сайттағы жеке кабинет немесе смартфондағы мобильді қосымша арқылы да өзара әрекеттесу мүмкіндігін ұсынады. Қазақстанда екі биржа жұмыс істейді: KASE және AIX. Сіз олардың кез келгені арқылы «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның акцияларын орналастыруға қатыса аласыз .
Брокерлік компаниялардың тізімдерін төмендегі сілтемелерден табуға болады:

2 -қадам
Брокерлік шот ашу.
Шарт жасалғаннан кейін брокер сізге депозитарийде — бағалы қағаздарды есептеуді, есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымда шот ашады. Қазақстанда осындай екі депозитарий жұмыс істейді: БҚОД және AIX CSD, брокер сізге қолжетімді биржаларда сауда жасауға мүмкіндік беретін тиісті брокерлік шотты ашады.
Шотты ашу үшін сізге жеке куәлік пен банк деректемелері туралы ақпаратты ұсыну қажет, сондай-ақ жеке деректері бар сауалнаманы толтыру керек (брокерлік шотты ашу үшін қажетті құжаттардың тізімі әрбір брокерде әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан осы ақпаратты тиісті брокерден нақтылауды сұраймыз). Брокерлік шотты цифрлық арналар арқылы ашқан кезде брокерлер қашықтан сәйкестендірудің заманауи әдістерін қолданады: ЭЦҚ, СМС, динамикалық немесе биометриялық сәйкестендіру.

3 -қадам
Брокерлік шотқа ақша есептеу.
Мұны алдын ала немесе бағалы қағаздарды сатып алудан бұрын жасауға болады. Банк пен брокердің аударымды өңдеуге кететін уақытын ескеріңіз. Ақшаны ағымдағы банктік шотыңыздан немесе басқа адамның шотынан брокерлік шотқа аударуға болады. Акция бағасына (немесе баға диапазонына), сондай-ақ сатып алғыңыз келетін бағалы қағаздардың санына байланысты инвестиция мөлшерін өзіңіз анықтайсыз. Алайда, аудару кезінде брокердің, биржаның және депозитарийдің комиссияларына жұмсалатын шығыстарды ескеру қажет.

4 -қадам
Жазылу мерзімі туралы ақпарат
Инвесторлардың барлық өтінімдері «Өтінімдер кітабын» – сатып алушының деректерін және сатып алу жоспарланған акциялардың санын көрсете отырып, акцияларды сатып алуға өтінімдердің бірыңғай тізілімін қалыптастырады. «Өтінімдер кітабының» ашылу және жабылу күндері туралы ақпаратты ҚазМұнайГаз АҚ-ның веб-сайтынан, өз брокерінен немесе биржалардың жаңалықтар таспасынан білуге болады .

5 -қадам
«Өтінімдер кітабына» акцияларды сатып алуға өтінім беру.
Өтінім жазылу кезеңінде брокер арқылы беріледі. Өтінімді қағаз түрінде брокердің кеңсесінде немесе брокерлер сайттарында немесе мобильді брокерлік қосымшаларда сауда платформалары арқылы электрондық түрде беруге болады. Өтінімде сатып алуға жоспарланған акциялардың санын және бір акцияның бағасын көрсету қажет. Сіздің брокерлік шотыңыз өтінімнің сомасымен толтырылғанына көз жеткізіңіз.

6 -қадам
Сіздің брокерлік шотыңызға акцияларды бөлу және есепке алу.
«Өтінімдер кітабын» жабу қорытындысы бойынша бөлудің белгіленген тәртібі шегінде акцияларды инвесторлардың шоттарына есепке алумен мәмілелер есебі жүргізілетін болады. Есептеу аяқталғаннан кейін брокеріңіз сізге есеп пен үзінді-көшірмені жібереді, онда сіз сатып алған акциялар көрсетіледі немесе есеп пен үзінді-көшірме брокердің мобильді қосымшасында қолжетімді болады (есепті ұсынудың қолжетімді тәсілдері мен үзінді-көшірме әр брокерде әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан брокеріңізден есеп пен үзінді-көшірме алу тәсілдері туралы ақпаратты нақтылауды сұраймыз). Маңызды! Егер сіздің шотыңызда берілген өтінімді төлеу үшін қаражат жеткіліксіз болса немесе баға диапазонын қолданған жағдайда, сіз ұсынған бір акцияның бағасы «кесімді бағасынан» төмен болса, өтінім «кітаптан» алынып тасталады және акцияларды одан әрі есептеу кезінде қаражат алынбайды, ақша сіздің ағымдағы банктік шотыңызға қайтарылады.

2. Halyk Homebank мобильді қосымшасы арқылы акцияларды сатып алу бойынша нұсқаулық

Halyk Bank өз клиенттеріне Halyk Invest қызметін пайдалана отырып, Halyk Homebank қосымшасы арқылы IPO-ға қатысу мүмкіндігін ұсынады.

1 шаг
Halyk Invest-те инвестициялық шот ашу үшін негізгі экранда Invest батырмасын басыңыз.
Инвестициялық шотты ашу мерзімі - 15 минуттан бастап 3 жұмыс күніне дейін.

2 шаг
Инвестициялық шотты ақшамен толтықтырыңыз.
Мұны Halyk Homebank мобильді қосымшасында карталық, ағымдағы немесе депозиттік шоттан комиссиясыз орындауға болады.

3 шаг
«Не сатып алу керек» бөліміне өтіңіз.
«IPO және SPO» бөлімін таңдаңыз.

4 шаг
IPO-ға қатысуға өтінімді толтырып, оны SMS-кодпен растаңыз.
Өтініш мәртебесін «Операциялар» бөлімінде бақылауға болады.

5 шаг
Акциялар есеп айырысудан кейін есепке алынады.
IPO барысында мәмілелер үшін комиссия алынбайды.

3. Tabys қосымшасы арқылы акцияларды сатып алу жөніндегі нұсқаулық

Тікелей жазылу – бұл акцияларды бастапқы орналастыру кезінде тікелей эмитенттен/акционерден делдалдарсыз (брокерсіз немесе андеррайтерсіз) сатып алу туралы шарт жасасу. Тікелей жазылу брокерлер немесе андеррайтерлер (букбилдинг) арқылы жеке және институционалдық инвесторлардан өтінімдерді жинаудың әдеттегі әдісімен қатар жүргізілуі мүмкін.

Тікелей жазылу құралы Astana International Exchange биржасының және/немесе Қазақстанның барлық өңірлерінде «Қазпошта» бөлімшесінің қолдауымен әзірленген Tabys мобильдік қосымшасы арқылы қолжетімді болады.


Tabys арқылы акцияларға тікелей жазылуды рәсімдеу үшін инвестордың жеке куәлігі, банк картасы және Интернетке қосылған смартфон болуы қажет. Қызмет тәулік бойы онлайн режимінде қолжетімді болады.

1 -қадам
Tabys қосымшасын смартфонға жүктеп алыңыз.
Қосымша AppStore және Google Play Market-те қолжетімді.

2 -қадам
Тіркеуден өтіңіз.
Қауіпсіздік мақсатында осы кезеңде сіздің жеке басыңызды растау қажет болады - ол үшін сіздің фото, видео және жеке куәлігіңіз қажет болады. Смартфонда камера, соның ішінде алдыңғы камера жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз.

3 -қадам
Банк картасын бекітіңіз.
Бұл акцияларды сатып алу мақсатында қаражат аудару үшін қажет. Карта Қазақстанда шығарылуы тиіс.

4 -қадам
Жазылу мерзімі туралы ақпаратты нақтылаңыз.
Компаниялардың акцияларына өтінімдерді жинау (жазылу) кезеңі («кітаптың» ашылу және жабылу күндері) туралы ақпаратты эмитент-компанияның веб-сайтынан немесе тікелей Tabys қосымшасынан алуға болады.

5 -қадам
Жазылу кезеңінде акцияларды сатып алуға өтініш беріңіз.
Қосымшаның басты бетіндегі «IPO» бөлімін таңдап, «Өтінім беру» түймесін басыңыз. Барлық қажетті жолдарды толтырыңыз, өтінімнің сомасын көрсетіңіз және «Өтінімді жіберу» батырмасын басыңыз. Өтінім жіберілгеннен кейін сәйкес сома сіздің банк картаңыздан алынады.
Тиісті функциялар жазылу кезеңінде қолданбада қолжетімді болады.

6 -қадам
Өтінімді орындау.
«Өтінімдер кітабы» жабылғаннан кейін бөлу тәртібі аясында инвесторлардың шоттарына акциялар түсіп, есеп айырылысады. Сіздің өтініміңіз қанағаттандырылған жағдайда тиісті акциялар шотыңызға түседі және бағдарламаның басты бетінде көрсетіледі. Маңызды! Tabys қосымшасы биржалық саудаға мүмкіндік бермейтіндіктен, тікелей жазылым арқылы сатып алынған акцияларды кейіннен сату үшін сізге: 1) брокерді таңдау; 2) онымен шарт жасасу; 3) брокерлік шот ашу; 4) акцияларды брокерлік шотқа аудару және 5) сатуға өтінім беру қажет болады.



4. «Қазпошта» арқылы акцияларды сатып алу жөніндегі нұсқаулық
«Қазпошта» брокер қызметтерін, шарт жасасу және брокерлік компаниямен одан әрі өзара әрекеттесу үшін трансфер-агент қызметтерін, сондай-ақ арнайы терминалдар арқылы тікелей жазылу қызметтерін ұсынады.
Брокер
Қазпоштаны брокер ретінде таңдаған кезде акцияларды брокерлік компания арқылы сатып алу бойынша қадамдық нұсқаулықты орындаңыз.

Қазпоштада брокерлік шотты офлайн (барлық бөлімшелерде емес) және post.kz веб-сайт арқылы онлайн ашуға болады

Қазпоштаның брокерлік қызмет көрсету орындарының тізімі

Трансфер-агент
Трансфер-агент - өз клиенттері арасында құжаттарды (ақпаратты) қабылдау және ұсыну бойынша қызмет көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.

Трансфер-агент ретінде Қазпоштаны таңдаған кезде сіз Қазпоштаның қызметтерін делдал ретінде пайдалана отырып, кез келген брокерлік компаниямен шарт жасасып, өзара әрекеттесе аласыз.

Қазпоштаның трансфер-агенттік желісі арқылы акцияларды сатып алу үшін Қазпошта бөлімшесіне шарт жасасу және брокермен өзара әрекеттесу үшін хабарласа отырып, брокерлік компания арқылы акцияларды сатып алу бойынша қадамдық нұсқаулықты орындаңыз.

Трансфер-агент функциясы бар Қазпошта бөлімшелерінің тізімі.
Тікелей жазылу
Қазпошта арқылы тікелей жазылуды (брокерлік шот ашпай) таңдаған кезде акцияларды сатып алу смартфон арқылы емес, Қазпоштаның арнайы терминалдары арқылы Tabys қосымшасының көмегімен акцияларды сатып алу жөніндегі қадамдық нұсқаулықтағы сипаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Науқанға Қазпошта арқылы тікелей жазылу үшін автоматтандырылған бөлімшелердің біріне барып, операторға хабарласу қажет. Өзімен бірге ҚР азаматының жеке куәлігі болуы қажет. Қызмет науқанға жазылу кезеңінде қолжетімді болады.

Қазпоштаның автоматтандырылған бөлімшелерінің тізімі

Маңызды! Tabys қосымшасы биржалық сауда-саттыққа рұқсат бермейтіндіктен, кейіннен жазылу кезінде сатып алынған акцияларды сату үшін сізге:
1) брокерді таңдау
2) онымен шарт жасасу
3) брокерлік шот ашу
4) акцияларды брокерлік шотқа аудару
5) сатуға өтінім беру қажет болады

Қазпошта бөлімшелері арқылы жазылу тәртібі туралы ақпаратты 1499 нөмірі бойынша call-орталықтан немесе QPost ассистентінің көмегімен post.kz сайтынан білуге болады.
Қаржылық сауаттылық туралы қосымша ақпаратты мына жерден табуға болады:
AIX анықтамалық материалдары KASE анықтамалық материалдары AIX брокерлерінің анықтамалығы KASE брокерлерінің анықтамалығы
Бейне және подкасттар
Жекешелендіру бағдарламасына қатысушы компаниялар
Брокерлік компаниялар
Қор биржадағы сауда - Барлығы қалай құрылған
Биржада сауданы қалай бастауға болады?
Акциялар мен облигациялар дегеніміз не?
ETN биржалық нота деген не?
Бағалы қағаздарға инвестициялаудың пайдасы мен тәуекелдері
Инвестициялық қоржының динамикасын қадағалау
ETF биржалық қор деген не?
IPO деген не және ол не үшін қажет?