KEGOC SPO



«Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы.

«Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі № 1188 қаулысына сәйкес құрылды және оған Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторы мәртебесі берілді.

«KEGOC» АҚ-ның алғашқы мемлекеттік тіркелген күні – 1997 жылғы 11 шілде.

Мынадай қызметтерді көрсетеді:
  • электр энергиясын беру;

  • электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру;

  • Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндіруді/тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы.

Компания жайлы







ФАКТОРЛАР





Топ құрылымы



ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ






Рейтингтер


Fitch BBB-/ тұрақты

S&P ВВ+/ тұрақты

Moody’s Ваа2/ тұрақты










«KEGOC» АҚ SPO ПАРАМЕТРЛЕРІ


Эмитент

«KEGOC» АҚ


Ірі акционер

«Самұрық-Қазына» АҚ


Листинг

Компанияның Қазақстан қор биржасында (KASE) және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында (AIX) жай акцияларының листингі


Орналастыру бағасы

Жай акция үшін 1 482 теңге


Орналастыру көлемі

15 294 118 жай акцияға дейін, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның үлесі Компания акцияларының жалпы санының кемінде 85%-ын құрайды


Орналастырудан түскен қаражатты пайдалану

Қаражат Компанияның ірі инвестициялық жобасы - ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағының желілерін күшейтуге бағытталатын болады (Шу-Жамбыл-Шымкент 500 кВл екі желісін және Шу, Жамбыл, Шымкент 500 кВл үш ҚС салу)


Орналастыру барысында акцияларды тарату

Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ қазақстандық институционалдық инвесторлар мен шетелдік инвесторлар арасында орналастыру. Ең алдымен Қазақстан азаматтарының өтініштері қанағаттандырылады


Орналастыруды жүргізу мерзімі



Қаржылық кеңесшілер

Halyk Finance, Sky Bridge Invest, Freedom Broker, BCC Invest, Jusan Invest



Тизер о компании www.kegoc.kz