«QazaqGaz» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – отандық, сондай-ақ шетелдік газ нарығында мемлекеттің мүдделерін білдіретін Қазақстан Республикасының негізгі газ компаниясы.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ – геологиялық барлау мен өндіруден бастап түпкілікті өнімді өткізуге дейінгі барлық тізбек бойынша қызметті жүзеге асыратын тігінен интеграцияланған ұлттық газ компаниясы.

«QazaqGaz» – Орталық Азия өңіріндегі ең ірі газ тасымалдау желісі, бірыңғай ішкі газбен жабдықтау жүйесі бар тұтынушыларға сенімді газ жеткізуші.

Қазіргі уақытта «QazaqGaz» компаниялар тобы Қазақстанның 11 облысында бар: Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Республикалық маңызы бар қалаларда – Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында.

Акционерлер
100%
«Самұрық-Қазына» АҚ

Ағымдағы мәртебесі

ҚР Президенті Әкімшілігі QazaqGaz IPO-ны өткізудің 2023 жылға арналған мерзімін бекітті, IPO-ны өткізуге дайындық бойынша жұмыс басталды: Басқарушы комитет құрылды, жол картасының/кесте жоспарының жобасы әзірленді, тәуелсіз консультанттар алдын ала мақұлданды және әлеуетті инвесторларға маркетинг жүргізілді.

Қазіргі уақытта Қор активті бәсекелес ортаға шығару жөніндегі Жол картасын келісу және бекіту бойынша іс-шаралар жүргізуде.

ESG күн тәртібі

QazaqGaz тұрақты даму қағидаттарын және ESG (environmental, social, governance)-факторларды өзінің бизнес-процестеріне енгізіп жатыр. Компания тәуелсіз халықаралық консультанттардың қатысуымен ESG жүйесіне тәуелсіз диагностика жүргізді. Нәтижесінде ағымдағы ESG жүйесін жетілдіретін Іс-шаралардың жол картасы жасалды.

ESG қағидаттарын сақтау үшін QazaqGaz бизнес жүргізу, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, адами капиталды дамыту бойынша халықаралық озық тәжірибені қолдануға ниетті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ESG рейтингісіне қол жеткізу бағытында жұмыс атқарылып жатыр.


Энергетикалық ресурстарды пайдалану және энергияны үнемдеу

Компания энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саясатын жүргізеді. Газды тасымалдау, бөлу, өндіру және жерасты сақтау жөніндегі энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметтің бағыттары еншілес және тәуелді компаниялардың (бұдан әрі – ЕТҰ) Энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру жөніндегі іс-шараларында айқындалған.


Энергияны үнемдеудің негізгі іс-шаралары:

  • - «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Ақтау» МГҚБ, «Бейнеу» КС және «Амангелді Газ» кәсіпшілігінде реактивті қуаттың автоматты өтемақысы;
  • - Электр жетекті газ айдау агрегаттарының жұмыс режимдерін, компрессорлық станциялардың жұмыс режимі бойынша электрмен жабдықтау схемаларын оңтайландыру, оның ішінде турбокомпрессорлық цехтардың резервтік қоректенуінің қуатты трансформаторларын ажырату;
  • - «Интергаз Орталық Азия» АҚ газ турбиналы жетегі бар компрессорлық станциялардың жүктемесін оңтайландыру;
  • - «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Атырау» МГҚБ, Мақат ЖӨБ-тің «Мақат» КС ГАА № 5 ЦКТ-4 газ айдау агрегатына күрделі жөндеу жүргізу;
  • - «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Атырау» Редутск МГҚБ, «Тайман» КС ГАА № 5 ЦКТ-4 ГПА газ айдау агрегатына күрделі жөндеу жүргізу;
  • - «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Ақтау» МГҚБ Опорненск ЖӨБ-тің «Опорный» КС (табиғи газ) ГТ-750-6 № 3,4 ЦКТ-1 типті ГАА осьтік компрессорын тазарту жүйесін енгізу;
  • - «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Тараз» МГҚБ электр жетекті газ айдау агрегаттарының жұмыс режимдерін оңтайландыру;
  • - Қуатты трансформаторларды (резервті), ЕТҰ турбокомпрессорлық цехтарының АВО-газ электр қозғалтқыштарын өшіре отырып, электрмен жабдықтау жүйелерін оңтайландыру;
  • - ЕТҰ-ның әкімшілік және өндірістік үй-жайларында түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері қазандық агрегаттарының жұмыс режимдерін реттеу;
  • - «Интергаз Орталық Азия» АҚ магистральдық газ құбырларының желілік бөлігінде саны 18 бірлік ескірген катодтық электрохимқорғау станцияларын ауыстыру.

Энергияның тиімділік көрсеткіштерінің жақсаруы газ тасымалдаудың оңтайлы режимдерін қолданумен және энергия үнемдеу жөніндегі іс-шараларды жүргізумен байланысты.


QazaqGaz компаниялар тобы бойынша 2020 жылы отын-энергетикалық ресурстарды тұтыну көлемі: 1 325 992 тонна шартты отын (990749,56 мың м3, 80,74 млн кВт*сағ, ЖЖМ 6194,2 ш.о.т.) 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1 815 052 тонна шартты отын (т.ш.о.) (1528877,45 мың м3, 92,46 млн кВтс, ЖЖМ 6660,33 ш.о.т.) және оның 36,9%-ы төмендеді.

Инвестициялық тартымдылық

Компанияның иелігінде Орталық Азиядағы ең ірі газ тасымалдау желісі, ішкі газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі бар. Жиынтығында QazaqGaz компаниялар тобы жалпы ұзындығы шамамен 76 мың км газ құбырларын, оның ішінде жылдық өткізу қабілеті 267,8 млрд м3 дейінгі 20 мың км магистральдық газ құбырларын және ұзындығы шамамен 56 мың км газ тарату желілерін пайдаланады.

Компания ESG-дің үздік тәжірибелерін ескере отырып, ұзақ мерзімді стратегия әзірлеп жатыр, сондай-ақ газға баға белгілеуді жетілдіру, тауарлық газдың ресурстық базасын ұлғайту, газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғырту және кеңейту жұмысы істелініп жатыр.


Компания қызметінің бағыттары:

  • Газ өндіру
  • Газ тасымалдау
  • Табиғи газды сату

QazaqGaz жылдық өткізу қабілеті 255 млрд. м3 болатын жалпы ұзындығы 20,6 мың км-ден асатын (оның ішінде газ құбырлары-бұрмалар 2 793 км) Қазақстан Республикасындағы магистральдық газ құбырларының және ұзындығы 59 мың км-ден асатын газ тарату желілерінің ірі желісін пайдалануды жүзеге асырады.

QazaqGaz Қазақстан Республикасындағы жалпы белсенді сақтау көлемі 4,6 млрд м3 болатын 3 ірі жерасты газ қоймасын (Бозой, Ақыртөбе, Полторацкое) басқарады. Газ тасымалдау 42 компрессорлық станциямен және 238 газ айдау агрегаттарымен қамтамасыз етіледі.

QazaqGaz халықтың жартысынан көбін тауарлық газбен қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының ішкі нарығының негізгі газ жеткізушісі. Соңғы жылдары компания еліміздің түрлі облыстарында газ тасымалдау инфрақұрылымы мен тарату желілерін жаңарту және салу бойынша ауқымды жұмыс жүргізгенін атап өту қажет. Тек соңғы сегіз жылдың ішінде төрт миллионға жуық қазақстандық газды пайдалану мүмкіндігіне ие болды, халықты газдандыру деңгейі 2013 жылғы 30%-дан 2021 жылы 57,67%-ға дейін өсті және 11 млн-нан астам адам санына жетті. Газдандырылған отандық кәсіпорындар саны екі есеге - 23 725-тен 54 615-ке дейін ұлғайды.


Компанияның негізгі артықшылықтары:

  • Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператордың мәртебесі;
  • ҚР-да газды бөлшек саудада өткізу және тасымалдау бойынша табиғи монополия;
  • Тауарлық газды магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілері арқылы тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарудағы, ішкі және сыртқы нарықтарда газдың халықаралық транзиті мен сатылуын қамтамасыз етудегі, құбыржолдар мен газ қоймаларын әзірлеудегі, қаржыландырудағы, салу мен пайдаланудағы көп жылдық тәжірибе;
  • РФ және ҚХР-дан ірі халықаралық газ жеткізушілерімен көпжылдық серіктестік қатынастар;
  • Компанияның халықаралық имиджі және кредиттік рейтингтері (Moody's Baa2 (тұрақты), FitchRatings BBB- (Тұрақты), S & P Global Ratings BB (позитивті);
  • «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ны толыққанды портфельдік компания ретінде қайта ұйымдастыру және ҚР Үкіметінің қолдауын күшейту;
  • Газды өндіру мен қайта өңдеуден бастап тасымалдау мен өткізуге дейінгі тәжірибенің болуы;
  • Ірі Қашаған кен орнымен ұзақ мерзімді келісімшарттың болуы.
QazaqGaz компаниялар тобының стратегиялық мақсаттары

Жаһандық, ұлттық, корпоративтік сын-қатерлер мен мүмкіндіктерге жауап ретінде Компания үшін мынадай негізгі бағыттар бойынша негізгі басымдықтар айқындалды:

  • тауарлық газдың ресурстық базасын ұлғайту (өндіру, қайта өңдеу);
  • ішкі нарықты дамыту;
  • газ транзитін және экспортын дамыту;
  • газ химиясын дамыту;
  • инвестициялық және операциялық тиімділік.
Қаржылық көрсеткіштер
Өлшем бірлігі
2019
2020
2021
Активтер
млрд теңге
2 093,5
2 310,1
2 734,2
Кірістер
млрд теңге
1 103,1
945,5
896,3
EBITDA
млрд теңге
441,5
351,9
552,3
Таза кіріс
млрд теңге
334,3
266,5
400,2
Қарыз
млрд теңге
628,9
611,4
683,9
Қарыз/EBITDA (2,8-ден астам емес)
коэфициент
1,42
1,74
1,24
Салықтар
млрд теңге
81,35
63,69
52,67
Өндірістік көрсеткіштер
Өлшем бірлігі
2019
2020
2021
Газды магистральдық тасымалдау
млрд куб м
103,5
86,6
95,4
Газ өндіру
млн куб м
350
326
278
Газды сату, оның ішінде
млрд куб м
22,8
22,7
22,4
Экспорт
млрд куб м
8,8
7,9
6,0
Ішкі нарық
млрд куб м
14,0
14,8
16,4
Fitch Ratings ВВВ-
  • Газды тасымалдау
  • Газ өндіру
  • Қосалқы қызмет
Газды тасымалдау
  • «QazaqGaz» ҰК» АҚ
  • «Интергаз Орталық Азия» АҚ
  • «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС (50%)
  • «Азиялық газқұбыры» ЖШС (50%)
  • «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ
Газ өндіру
  • «Амангелді Газ» ЖШС
  • «Отан Газ» ЖШС (50%)
Қосалқы қызмет
  • «Qazaq Gas Qurylys» ЖШС
  • «Азиялық Газқұбыры – Хоргос» ЖШС
  • KTG Finance B.V.
  • «КазТрансГаз Өнімдері» ЖШС
  • «АвтоГазАлматы» ЖШС