Өзге тәсілдермен жекешелендіру
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ТУРАЛЫ

Жекешелендіру - бұл экономиканы мемлекет иелігінен алу процесінің бөлігі, ол өндірісті негізінен мемлекеттік-директивті реттеуден оны нарықтық тетіктер негізінде реттеуге көшуді көздейді.

Жекешелендіру нарықтық экономиканың негіздерін нығайту мақсатында жүргізіледі және осы бағдарламаның негізгі идеясы - еліміздің жеке бизнесінің одан әрі дамуына серпін беру.

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

Жекешелендіру бағдарламасы бизнеске мемлекеттің қатысуын азайту үшін қажет.

Өз кезегінде жекешелендіру Қорға келесі міндеттерді шешуге көмектеседі:
  • Қор активтерінің құрылымын оңтайландыру;
  • корпоративтік басқару деңгейін, компаниялар жұмысының ашықтығы мен тиімділігін арттыру;
  • компанияларды дамыту үшін технологиялар мен капитал трансфертін қамтамасыз ету;
  • шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру;
  • қазақстандық қор нарығын дамытуды ынталандыру.
ҚОРДЫҢ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУГЕ ЖАТАТЫН АКТИВТЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 894 қаулысына сәйкес
  • 2026
  • 2026–2027
  • 2028
  • 2029
«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ активтері
«Самұрық-Қазына Құрылыс» АҚ активтері
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ активтері
«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ активтері
«Қазақтелеком» АҚ активтері
«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ активтері
Сатып алушының нұсқаулығы (электрондық конкурс немесе аукцион)
1-кезең
ЭЦҚ алу (ХҚКО және т.б.)
ЭЦҚ-ны «Жеке кабинетте» www.gosreestr.kz тіркеу
Банк шотын ашу немесе банк картасын алу
2-кезең
Сатылатын объектілер тізбесінен сатып алу объектісін таңдау
Сауда-саттыққа қатысуға өтінім жасау (сауда-саттық басталғанға дейін 24 сағаттан кешіктірмей)
Кепілдік жарнаны (15%) online-төлем немесе Банк төлемі арқылы төлеу
Өтінімге қол қою және оны қарауға жіберу
3-кезең
Кепілдік жарна түскен/түспеген кезде жүйе өтінімді қабылдайды/қабылдамайды
Сауда-саттыққа қатысу
Сауда-саттық нәтижесінде ұсынылған баға бойынша ең жоғары бағаны ұсынған/бірінші болып сатып алған жеңімпазды Жүйенің анықтауы
Сатып алушының нұсқаулығы (ашық екі кезеңді конкурс)
1-кезең
БАҚ-та сауда-саттық туралы хабарландыру
Конкурстық өтінім беру
Конкурстық өтінімдерді қабылдау және тіркеу
Конкурстық өтінімдері бар пакеттерді ашу (мерзімі аяқталған күні)
Өтініш берушілерге сәйкессіздіктерді жою туралы хабарлама жіберу (олар анықталған кезде)
АЕК-тің екінші кезеңіне рұқсат беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдау
2-кезең
АЕК-тің екінші кезеңі туралы хабарлама
Конкурстық ұсыныстарды қарау нәтижелері бойынша АЕК жеңімпазын айқындау
АЕК нәтижелері туралы шешім
Сатып алушының нұсқаулығы (тікелей атаулы сату әдісі – ТAС)
* Ескертпе: активті ТАС арқылы сату тәсілі өзге тәсілдерді (электрондық конкурс, аукцион, екі кезеңді ашық конкурс) айқындау орынсыз болған жағдайда айқындалады
1-қадам
Стратегиялық инвестор – сатып алушының «Қор активтерін бәсекелес ортаға беру қағидалары...» шеңберінде барлық өлшемшарттарға сәйкестігін тексеру
2-қадам
Ең төменгі баға бойынша талапқа сәйкестігін тексеру (ТАС ең төменгі бағадан төмен емес баға бойынша жүзеге асырылуы мүмкін)
3-қадам
«Қордың активтерін бәсекелес ортаға беру қағидалары...» шеңберінде біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру
4-қадам
Шартты жасасу жолымен активті стратегиялық инвесторға – сатып алушыға беру