АКТИВ ПАСПОРТЫ
«Tau-Ken Temir» ЖШС
Атауы
«Tau-Ken Temir» ЖШС
Компанияның ресми сайты
www.tks-temir.kz
Ұйымдастыру нысаны және операцияның басталу күні

«Tau-Ken Temir» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Тіркелген күні: 04.12.2013 ж.

Активтің және олардың үлестерінің меншік иесі/(лері)

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ (100%)

Қызметтің сипаттамасы

Компания металлургиялық кремний өндірісіне маманданған. Қосалқы өнімдер: микрокремнезем, кремний шлагы.

Ағымдағы мәртебесі

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ (бұдан әрі – ТКС) Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 28 қазандағы шешімімен активті екі кезеңді ашық конкурс тәсілімен шығару мақұлданды.

2022 жылғы ақпанда ТКС активтерін сату жөніндегі комиссия 2022 жылы активті бәсекелес ортаға шығару мерзімімен жол картасын бекітті.

2022 жылғы сәуірде ТКС мәмілені сүйемелдеу үшін тәуелсіз консультантты жалдады.

Ашық екі кезеңді конкурс өткізу жолымен «Silicon mining» ЖШС-мен (кварцты өндіру) бірлесіп компанияны 100% өткізу қарастырылуда.

ТКС-тің Директорлар кеңесі бастапқы/ең төменгі бағаны бекіткеннен кейін конкурс басталғаны туралы хабарлама жариялауды жоспарлап отыр.

Активті сату әдісі

Екі кезеңді ашық конкурс

ESG-дің күн тәртібі

2021 жылы «PricewaterhouseCoopers» тәуелсіз кеңесшісімен бірге «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2022-2023 жылдарға арналған орнықты дамуды енгізу жоспары әзірленді. Жоспарға ESG-дің күн тәртібінің көптеген мақсаттары кіреді. Негізгі мақсаттар төменде келтірілген:

- Экономикалық: компанияның негізгі қызметі үшін ұзақ мерзімді негізде «жасыл инвестициялар» қағидаттарын енгізу, жаңа инвестициялық жобалар үшін өлшемшарттардың бірі ретінде тұрақты даму мен экологиялық таза технологияларды енгізу, өнім берушілерді таңдау үшін қосымша өлшемшарттар ретінде корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейі мен этикалық қағидаттарды сақтау талаптарын енгізу;

- Экологиялық: ағымдағы жағдайға талдау жүргізу және компанияның экологиялық саясатын өзектендіру, ISO14001 стандартына сәйкестікке ішкі аудит қорытындылары бойынша экологиялық мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, TCFD әдіснамасына сәйкес 2022-2023 жылдарға арналған тәуекелдер тіркеліміне қосу;

Әлеуметтік: жұмысқа қабылдау және еңбек жағдайларына, жалақы деңгейіне қанағаттану деңгейі бойынша әлеуметтік әл-ауқат рейтингі бойынша ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспар/бағдарламалар әзірлеу, GRI және ISO 10018 халықаралық стандарттарына сәйкес кадр саясатын жаңарту, сол саладағы компаниялардың стандарттарын салыстыра отырып, ұйымның Іскерлік этика кодексін қайта қарау.

Компания туралы тизер www.tks-temir.kz
Тізімге оралу