Түркістан қаласының тұрғындары IPO бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері туралы білді
20.09.2022
Түркістан қаласының тұрғындары IPO бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері туралы білді

20 қыркүйек күні Түркістан қаласының тұрғындары «Самұрық-Қазына» Қорының, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазпошта» АҚ өкілдерімен кездесіп, IPO бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері туралы көбірек білді. Іс-шараның спикерлері қазақстандық брокерлік-дилерлік ұйымдар мен AIX және KASE қор биржаларының өкілдері болды.

Сарапшылар жұртшылықты «Самұрық-Қазына» жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялардың IPO-сының іске асырылу барысымен және бірінші IPO-кандидат – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниясы туралы негізгі ақпаратпен таныстырды. Ұйымдастырушылар кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

«Самұрық-Қазына» АҚ активтерді жекешелендіру және қайта құрылымдау департаментінің аға менеджері Дамир Мамытовтың айтуынша, Қор Мемлекет басшысының экономиканы мемлекет иелігінен алу идеясын толық қолдайды. Сондықтан «Самұрық-Қазына» жекешелендіру жоспарын іске асыру аясында ҚР азаматтарын Қордың портфельдік компанияларының IPO-сына қатысу мүмкіндіктері туралы кең ауқымды ақпараттандыруға бағытталған.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған ағымдағы жоспарына сәйкес,  Қор тобының 30 компаниясы әртүрлі тәсілдермен бәсекелес ортаға берілуге тиіс. Компаниялардың IPO-ға шыққаннан кейінгі өмірі түбегейлі өзгеретінін атап өткім келеді, өйткені компания листингтің жоғары талаптарына сәйкес келуі, өзінің барлық ішкі және сыртқы процестерін үздік халықаралық практикаларға сәйкес жүзеге асыруы, корпоративтік басқару деңгейін жетілдіруі, инвесторлармен белсенді өзара іс-қимыл жасауы, өзінің барлық қызметін ашық әрі жария жүргізуі, бірінші кезекте, өзінің бүкіл акционерлері үшін пайданы барынша арттыруға ұмтылу тиіс», - деп атап өтті Дамир Мамытов.

Осылайша, кездесуге келген 200-ден астам қатысушы баламалы табыс көзі ретіндегі IPO механизмдері туралы білді. Еске саларлық, дәл осылай 2022 жылғы 16-30 қыркүйек аралығында еліміздің 60-тан астам қаласында халықпен, компания қызметкерлерімен және өндірістік нысандар жұмысшыларымен ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтеді.

IPO және Қордың жекешелендіру бағдарламасы туралы толығырақ мамандандырылған ipo.sk.kz интернет-ресурсынан білуге болады.

Анықтама:

2025 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ 7 ірі активі ішінара бәсекелі ортаға шығарылады, олардың 6-ы IPO арқылы шығарылмақ. «ҚазМұнайГаз» IPO-сы осы жылға жоспарланған, олар AIX және KASE алаңдарында жарияланады.