2024 жылғы 9 қаңтарда жарияланған «QAZAQ AIR» АҚ-ның 49%-дан 100%-ға дейінгі акцияларын сату бойынша қайта жүргізілген ашық екі кезеңді конкурс өткізілмеді
30.01.2024
2024 жылғы 9 қаңтарда жарияланған «QAZAQ AIR» АҚ-ның 49%-дан 100%-ға дейінгі акцияларын сату бойынша қайта жүргізілген ашық екі кезеңді конкурс өткізілмеді

Осы арқылы «Самұрық-Қазына» АҚ конкурс шарттарына сәйкес келетін конкурстық өтінімдердің болмауына байланысты 2024 жылғы 9 қаңтарда жарияланған «QAZAQ AIR» АҚ-ның 49%-дан 100%-ға дейінгі акцияларын сату бойынша қайта жүргізілген ашық екі кезеңді конкурстың өткізілмегені туралы хабарлайды.

«Самұрық-Қазына» АҚ «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС тәуелсіз консультант көмегімен «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 181 шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ-ның және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың акцияларын бәсекелес ортаға беру қағидаларының нормаларына сәйкес «QAZAQ AIR» АҚ-ын бәсекелестік ортаға беру мәселесін пысықтау бойынша одан әрі шаралар қабылдайтын болады.

10.11.2023
АҚ акцияларының қайталама сауда-саттығы басталды
«Астана» халықаралық қаржы орталығының AIX биржасында SPO шеңберінде орналастырылған «KEGOC» АҚ акци...
08.11.2023
KEGOC SPO: сұраныс ұсыныстан 1,5 есе асты
«Самұрық-Қазына» АҚ және «KEGOC» АҚ 2023 жылғы 28 қыркүйектен бастап 2 қарашаны қоса алған аралықта ...