АҚ акцияларының қайталама сауда-саттығы басталды
10.11.2023
АҚ акцияларының қайталама сауда-саттығы басталды

«Астана» халықаралық қаржы орталығының AIX биржасында SPO шеңберінде орналастырылған «KEGOC» АҚ акцияларының қайталама сауда-саттығының салтанатты рәсімі өтті. Шараға «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов және «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов қатысты.

«KEGOC» АҚ SPO қорытындысы бойынша инвесторлардан жалпысомасы 34,8 млрд теңгеден асатын 50 мыңнан астам өтінім келіп түскен. Бұлкөрсеткіш орналастыру жоспарынан 1,5 есеге көп. Жиналған өтінімдердіталдау нәтижелері бойынша жалпы сомасы 22,6 млрд. теңгеден асатынөтінімдерді қанағаттандыру туралы шешім қабылданды, бұл жарияланғанакциялардың шекті санымен сәйкес келеді.

«Қазақстан азаматтары SPO KEGOC-қа белсенді қызығушылықтанытып, 15 млрд. теңгеден асатын сомаға 10 млн. астам акция сатыпалуға өтінім берген. Бұл Қордың IPO/SPO шеңберінде ұсынатын ірі ұлттықкомпанияларының инвестициялық мүмкіндіктеріне деген халықтың жоғарықызығушылығын көрсетеді.

SPO KEGOC компания акцияларының өтімділігін арттырудыңмаңызды факторы болып табылады. Оның нәтижелері бойынша еркінайналымдағы компания акцияларының үлесі Бірыңғай жинақтаушызейнетақы қорына тиесілі акциялар пакетін есепке алмағанда 2,7% - дан 8,1%-ға артты»,- деді «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов кіріспе сөзінде.

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов компанияның мінсіздивидендтік тарихы бар екенін және белгіленген жоспарларды жүзеге асыру үшін қосымша серпін беретін нарық сенімін ақтауға ниетті екенін атап өтті.

«Бүгінгі сауда-саттық рәсімін аша отырып, KEGOC менеджменті, және жеке өзім SPO-дан кейін акционерлермен жұмыс істеу жоспарларына тағы да тоқталып өткім келеді. Біріншісі – біз инвесторлардың инвестицияларын сақтау және көбейту үшін жұмыс істейтін боламыз. Екіншіден, отандық энергожүйені дамытуға және оның қауіпсіздігінебағытталған барлық жүйелік жобаларды жүзеге асырылады. Біздіңжоспарларымыздың өте маңызды үшінші тармағы – миноритарлықакционерлердің мүдделері, яғни әрбір стратегиялық шешім қабылдаған кездеолардың дауыстары ескеріледі. Ең бастысы, біз осы жылдар бойықалыптастырып келген ашықтықты сақтайтын боламыз», - деп атап өтті «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов.

AIX басшысы Әсел Мұқажанова AIX биржасына ұлттықкомпанияларды орналастыру және инвесторларды ыңғайлы технологиялықшешімдер арқылы, соның ішінде Tabys қосымшасы және банктерменмобильді интеграциялар арқылы тарту үшін қажетті жағдайлар жасауға үнеміұмтылатынын атап өтті.

«Бүгінде инвестиция салу үшін смартфон жеткілікті, яғни интернетке қол жетімділік пен банкте шот болу қажет. Онлайн инвестиция салу – бұл AIX тудырып отырған және одан әрі дамытуға ұмтылатын жааң мүмкіндік, осы жағынан алғанда біз ілгері келеміз. SPO KEGOC кезінде онлайн өтінімдердің рекордтық саны – жалпы сомасы 2,2 миллиард теңге болатын 11 мыңнан астам өтінім келіп түсті. Біз бөлшекинвесторлардың AIX-ке және біз ұсынатын құралдарға деген сенімі уақыт өте келе артып келе жатқанына өте қуаныштымыз», - деді Әсел Мұқажанова.

sk_2023-05-05_0000_photo168322267w832 (1)ww_0001_Layer 2_0003_Layer 5_0001_Layer 1.jpg

AIX мәліметтері бойынша, негізгі қатысушылардың басым бөлігішамамен 40 жастағы инвесторлар, олардың тең жартысы ерлер және тең жартысы әйелдер. Tabys қосымшасындағы онлайн-өтінімнің максималдысомасы – 11,8 миллион теңгені (8 мың акция) құрады. Tabys-қа өтінімдербукбилдингтің соңғы минутына дейін қабылданды және өңделді.

Естеріңізге сала кетейік, «KEGOC» АҚ акцияларын қайталамаорналастыру шеңберінде 15,3 млн. жай акция сатылды, бұл компанияныңорналастырылған жай акцияларының жалпы санының шамамен 5,6% құрайды. Нәтижесінде «Самұрық-Қазына» АҚ тиесілі акциялардың үлесі«KEGOC» АҚ акцияларының жалпы санының кемінде 85% құрайды.

SPO-дан түскен қаражат Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалықжүйесінің Оңтүстік аймағының желілерін күшейту жөніндегі KEGOC іріинвестициялық жобасын іске асыруға бағытталатын болады. Жобашеңберінде ұзындығы 475 км «Шу-Жамбыл-Шымкент» 500 кВ 2 электр жеткізу желісі салынып, үш 500 кВ электр қосалқы станциясы кеңейтілетінболады. Бұл электр энергиясын тұтынудың болжамды өсуіне байланыстыОңтүстік аймақ тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігінарттыруға, сондай-ақ Оңтүстік аймақта шоғырланған ірі ЖЭК объектілерініңқуатын беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін стратегиялық маңыздыжоба.

SPO KEGOC Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, сондай-ақ «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес өткізілді.