KEGOC SPO-сы басталды
27.09.2023
KEGOC SPO-сы басталды

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы акциялардықайталама орналастыруды (SPO) өткізу туралы шешім қабылдады.

«Самұрық-Қазына» экономиканы мемлекет иелігінен шығару және Қоркомпанияларын нарыққа шығару бойынша жоспарлы жұмыстыжалғастыруда. KEGOC SPO-сы компанияға өзінің қаржылық позициясыннығайтуға және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға жәнедамытуға бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруғамүмкіндік беретін осы бағыттағы басым қадамдардың бірі болыптабылады. Бұл сонымен қатар Қордың портфельдік компанияларының ашықтығын, тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін жақсарту стратегиямыздың маңызды бағыты болып табылады», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ Даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат СӘТЖАН.

SPO шеңберінде Компания 15 294 118 жай акцияны ұсынады, бұл ретте «Самұрық-Қазына» АҚ үлесі компания акцияларының жалпы санының кемінде 85% -ын құрайды.

sk_2023-05-05_0000_photo1683267832 (1).psd_0002_Layer 8.jpg

«KEGOC-тың жаңа реттеуші өзгерістерге және электр энергиясының өсіп келе жатқан нарығына байланысты айтарлықтай өсу әлеуеті бар. 2014 жылы алғаш рет жарияланғаннан бері компания акцияларының бағасы 3 есе өсті акционерлерге шамамен 218 млрд теңге төленді», - деп атап өтті «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби АЙТЖАНОВ.

«KEGOC» АҚ SPO қосымша эмиссия жолымен өтеді.

KEGOC-тың 17 және одан да көп акцияларына иелік ететін қазіргі акционерлер акцияларды қосымша орналастыру арқылы басымдықпен сатып алу құқығын пайдалана алады.

KEGOC-тың 17 және одан да көп акцияларына иелік ететін қазіргіакционерлер акцияларды қосымша орналастыру арқылы басымдықпен сатып алу құқығын пайдалана алады. Акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру кезеңі 28 қыркүйектен бастап 27 қазанды қоса алғанда 30 күнге созылады. Ағымдағы акционерлер брокерлер арқылы немесе тікелей KEGOC-қа жүгіну арқылы өтініш бере алады.

Орналастыруға қатысу үшін жаңа инвесторлардан өтінімдер жинау 16 қазаннан бастап 2 қарашаға дейін, қоса алғанда жалғасады. SPO-ға өтінімдер брокерлер, банктер мен Tabys қосымшалары, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы берілуі мүмкін.

sk_2023-05-05_0000_photo1683267832 (1).psd_0000_Layer 10.jpg

KEGOC 2014 жылдың соңында отандық қор нарығына алғашқы шығуын ресми түрде жариялады. Компанияның бір акциясы минус 10% көлемінде пакетті орналастыру туралы жарияланды, бұл әр акция үшін 505 теңге бағамен 25,9 млн жай акцияны құрады. «Халықтық IPO» бағдарламасының қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ акцияларын сатып алуға берілген өтінімдер 16,68 млрд теңге жалпы сомасына  жалпы саны 41 997 дананы құрады, ал орналастырудың максималды көлемі 13,13 млрд теңге мөлшерінде белгіленді.

«KEGOC» АҚ Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторы болып табылады. Ұлттық электр торабы электр энергиясын тікелей Ұлттық электр торабына беру схемасы бар энергия өндірушілерден осы желіге қосылған көтерме тұтынушыларға дейін электр энергиясын жеткізуді қамтамасыз етеді.

KEGOC таза пайдасы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бір жарым есеге - 14 млрд теңгеден 23 млрд теңгеге дейін өсті. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша KEGOC таза пайдасы 2022 жылғы 26,7 млрд теңгемен салыстырғанда шамамен 31,5 млрд теңгені құрауы мүмкін. Негізгі қызметтен түсетін кірістер 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 11,3%-ға немесе 11,56 млрд теңгеге, 114,4 млрд теңгеге дейін өсті.

1 шілдеден бастап Ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын жеткізу, ұлттық электр торабын пайдалану, желіге босатуды техникалық диспетчерлендіру, электр энергиясын тұтыну, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге жаңа тарифтер мен тарифтік сметалар белгіленді.

Сонымен қатар 1 шілдеден бастап нарықта электр энергиясын бірыңғай сатып алушы механизмі енгізілді. Ол механизм болып ҚР Энергетика министрлігінің жанындағы Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы (ЖЭК жөніндегі ҚЕО) белгіленді. Бірыңғай сатып алушы ЭҚРҚО электрондық алаңында сауда-саттық жүргізеді және елде өндірілген электр энергиясын бір тәулік бұрын сатып алады, содан кейін оны тұтынушыларға қайта сатады.

«KEGOC» АҚ электр энергиясын жеткізу қызметімен қатар тұтынушыларға ұлттық электр торабын пайдалану бойынша жаңа қызмет көрсете бастады, бұл тұтынушылар тізімін кеңейтті және сәйкесінше компанияның пайдасы бойынша болжамдарды жақсартты. Егер бұрын қандай да бір кәсіпорындар немесе өңірлік тарату желілері қажетті қуаты бар жақын маңдағы электр станцияларынан электр энергиясын өнім беруші белгілеген бағамен сатып алса, енді ҚР Энергетика министрлігінің ведомстволық бағынысты кәсіпорны оны барлық электр энергиясын өндірушілерден белгіленген бағамен сатып алады және KEGOC желілерінің көмегімен осы тұтынушыларға белгіленген тарифтер бойынша жеткізеді. Бұрын бағалар өңірге, өнім берушіге, маусымға және басқа факторларға байланысты болды, инновациялар бағаны теңестіруге, оны әділ етуге, жеткізу шығындарын оңтайландыруға, өндірушілер үшін ысыраптарды, тоқтап тұруды және шамадан тыс жүктемені азайтуға көмектесті.

2022 жылы KEGOC акционерлеріне төлемдер мөлшері таза пайданың 112,8% - дан астамын (30,17 млрд теңге) құрады. Компанияның Дивидендтік саясаты таза пайданың кемінде 60%-ын дивидендтер төлеуді белгіледі. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Компания 20,2 млрд теңге сомасына дивидендтер төлейді.

Барлық сұрақтар бойынша Инвесторлармен байланыс жөніндегі департаменке және «KEGOC» АҚ баспасөз қызметіне хабарласу қажет.

Байланыс телефондары:


Руслан Абдиев

Тел: +7 (7172) 690 -293

Email: Abdiyev@kegoc.kz


Алмагүл Жакеева

Тел: +7 (7172) 690 -284

        Email: Zhakeyeva@kegoc.kz