KEGOC SPO: сұраныс ұсыныстан 1,5 есе асты
08.11.2023
KEGOC SPO: сұраныс ұсыныстан 1,5 есе асты

«Самұрық-Қазына» АҚ және «KEGOC» АҚ 2023 жылғы 28 қыркүйектен бастап 2 қарашаны қоса алған аралықта өткен қазақстан қор биржаларында акцияларды қайталама орналастыру (KEGOC SPO) қорытындылары туралы хабарлады.

Инвесторлардан жалпы сомасы 34,8 млрд теңгеден асатын 50 мыңнан астам өтінім келіп түсті. Бұл орналастырудың жоспарланған көлемінен 1,5 есе артық.

Жиналған өтінімдерді талдау нәтижелері бойынша 22,6 млрд теңгеденасатын жалпы сомаға өтінімдерді қанағаттандыру туралы шешім қабылданды. Бұл жарияланған акциялардың шекті санына сәйкес келеді - 15 294 118 (он бес миллион екі жүз тоқсан төрт мың жүз он сегіз) жай акция.

Бөлу бұрын жарияланған акцияларды бөлу критерийлеріне сәйкес жүзеге асырылды және акциялардың қомақты пакеттерінің жекелеген ірі инвесторларда шоғырлануын болдырмауға бағытталған. Бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтарынан келіп түскен акцияларды сатып алуға арналған өтінімдер толық көлемде қанағаттандырылды.

Акцияларды қайталама орналастыру шеңберінде «KEGOC» АҚ 15 294 118 (он бес миллион екі жүз тоқсан төрт мың жүз он сегіз) жай акция өткізді. Бұл компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санының шамамен 5,6%-ын құрайды. Нәтижесінде «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі акциялардың үлесі «KEGOC» АҚ акцияларының жалпы санының кемінде 85%-ын құрайды.

Инвесторлардың қанағаттандырылған өтінімдері келесідей бөлінді:

• Қазақстан азаматтарының өтінімдері – 15 203 099 964 теңге сомасына (67%)
• Қазақстандық заңды тұлғалардың өтінімдері –7 158 346 026 теңге сомасына(32%)
• шетелдік жеке және заңды тұлғалардың өтінімдері – 300 537 744 теңге сомасына (1%)

Қанағаттандырылатын өтінімдерді айқындау барысында Қазақстан Республикасының азаматтарынан келіп түскен өтінімдерге басымдық берілді. Оларды қанағаттандырғаннан кейін (толық көлемде) өтінім берген қалған тұлғалардың өтінімдерін қанағаттандыру туралы шешім қабылданды.

sk_2023-05-3305_000ww0_photo1683267832 (1)ww_0001_Layer 2_0000_Layer 4.jpg

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов:

«Бөлшек сауда инвесторларынан түскен 44% өтінімдердің басым бөлігі болып табылады. Бұл біздің ел азаматтарының ірі ұлттық компаниялардың IPO/SPO-сы шеңберінде Қор ұсынатын инвестициялық мүмкіндіктерге жоғары қызығушылығын көрсетеді. Кітап көлемінің 55%-ы институционалдық инвесторлардың өтінімдерін құрады. Сондай-ақ, шетел азаматтарының өтінімдері мардымсыз бөлікті, яғни 1%-ды құрады.

Сонымен қатар, қалыптастырылған өтінімдер кітабы шеңберінде қалыптасқан пропорцияға қарамастан, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының өтінімдерін қанағаттандырудың басымдығын ескере отырып, орналастыруға арналған акциялардың соңғы көлемі былайша бөлінді: бөлшек сауда инвесторлары - 67%, институционалды инвесторлар - 32%, шетел азаматтары - 1%.

Әр түрлі класс инвесторларының тарапынан KEGOC акцияларына осындай әртараптандырылған сұраныстың болуы компанияның жоғары инвестициялық тартымдылығының және Қазақстанда жаңа генерациялайтын қуаттарды жоспарланып отырған енгізу, сондай-ақ реттеуші ортада болған өзгерістер аясында KEGOC даму перспективаларына бүкіл нарықтың сенімінің айғағы болып табылады.».

sk_2023-05-3305_000ww0_photo1683267832 (1)ww_0001_Layer 2_0001_Layer 2.jpg

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов:

«KEGOC SPO-ның сәтті өтуін азаматтардың мемлекетке және біздің компанияға деген сенімі ретінде бағалаймыз. SPO нәтижелері бойынша компанияның еркін айналымдағы акцияларының үлесі шамамен 2,7%-дан 8,1%-ға дейін ұлғаяды, бұл KEGOC акцияларының өтімділігіне жағымды әсер етеді және қазақстан қор нарығының дамуына ықпал етеді. Біз электр желісін күшейту бойынша жүйелі бастамаларымызды жалғастырамыз. Атап айтқанда, SPO-дан тартылған қаражат KEGOC-ты дамытуға бағытталатын болады.

KEGOC – дивидендік тарихы мінсіз компания және нарықтың бізге артқан сенімі - отандастарымыздың алдында барлық белгіленген жоспарларды ең жоғары тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізе отырып орындау үшін қосымша мотивация болып табылады».

2023 жылғы 9 қарашада KEGOC SPO шеңберінде сатылған барлық акциялар қанағаттандырылған өтінімдерге (қанағаттандырылатын көлемде) сәйкес бөлінеді және тиісті инвесторлардың шоттарынан олар сатып алатын «KEGOC» АҚ акцияларына төлем жүргізу үшін тиісті ақшалай сомалар алынып, акциялар шоттарына есептеп жазылады. «Астана» халықаралық қаржы орталығының (Astana International Exchange, AIX) биржасында қайталама сауда-саттықтың басталуы 2023 жылғы 10 қарашаға жоспарланған.

KEGOC SPO Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, сондай-ақ «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы»ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес өткізіледі.

«Фридом Финанс» АҚ, «Halyk Finance» АҚ және «SkyBridge Invest» АҚ SPO-ның бірлескен үйлестірушілері мен букраннерлері болып табылады. «BCC Invest» АҚ және «Jusan Invest» АҚ бірлескен андеррайтерлер болып табылады.

SPO-дан түскен қаражат KEGOC-тың ҚР Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Оңтүстік аймағының желілерін күшейту бойынша ірі инвестициялық жобасын іске асыруға жұмсалатын болады. Жоба шеңберінде 500 кВ үш электр қосалқы станцияны кеңейте отырып, ұзындығы 475 км 500 кВ «Шу-Жамбыл-Шымкент» 2 желі салынатын болады.  Бұл электр энергиясын тұтынудың болжамды өсуіне байланысты оңтүстік аймақ тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға, сондай-ақ негізінен оңтүстік аймақта шоғырланған ірі ЖЭК объектілерінің қуатын беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін стратегиялық маңызды жоба болып табылады.