Ірі мұнай кен орындарының қызметкерлері IPO бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері туралы білді
19.09.2022
Ірі мұнай кен орындарының қызметкерлері IPO бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері туралы білді 17-18 қыркүйек аралығында Қаламқас, Қаражанбас ірі мұнай кен орындарының қызметкерлері «Самұрық-Қазына» Қорының, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазпошта» АҚ өкілдерімен кездесіп, IPO бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері туралы көбірек білді. Іс-шараның спикерлері қазақстандық брокерлік-дилерлік ұйымдар мен AIX және KASE қор биржаларының өкілдері болды.

Сарапшылар жұртшылықты «Самұрық-Қазына» жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялардың IPO-сының іске асырылу барысымен және бірінші IPO-кандидат – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниясы туралы негізгі ақпаратпен таныстырды. Ұйымдастырушылар кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғановтың айтуынша, Қор Мемлекет басшысының экономиканы мемлекет иелігінен алу идеясын толық қолдайды. Сондықтан «Самұрық-Қазына» жекешелендіру жоспарын іске асыру аясында ҚР азаматтарын Қордың портфельдік компанияларының IPO-сына қатысу мүмкіндіктері туралы кең ауқымды ақпараттандыруға бағытталған.

«Қазір еліміздің тарихын түбегейлі өзгертетін оқиғалар болып жатыр. Мемлекет біздің барлығымызға Қазақстанның бай табиғи ресурстарын басқаратын компанияның тең иесі болуға мүмкіндік берді. Бұл бастама әсіресе мұнай саласын дамытуға өзінің барлық білімін, іскерлігін, тәжірибесі мен күш-жігерін жұмсап отырған батыс өңірі үшін ерекше маңызды», - деп атап өтті Ғибрат Ауғанов.

IPO-ға қатысу арқылы табыс табу мүмкіндіктері туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев айтып берді.

«Акциялар бойынша кірістерді акциялардың иесі ретінде дивиденд түрінде де, оларды сату кезіндегі акция құнының өсуі түрінде де алуға болады. Алайда, компанияның нәтижелеріне байланысты дивидендтер жыл сайын төленбеуі мүмкін және қолайсыз факторлардың әсерінен акциялардың бағасы төмендеуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Акцияларға салым салу ұзақ мерзімді перспективада кірістілік алуды жоспарлай отырып, түрлі тәуекелдерді ескере отырып жасалуы керек», - деп атап өтті Дәурен Қарабаев.

Осылайша, кездесуге қатысушылар баламалы табыс көзі ретіндегі IPO механизмдері туралы білді. Еске саларлық, дәл осылай 2022 жылғы 16-30 қыркүйек аралығында еліміздің 60-тан астам қаласында халықпен, компания қызметкерлерімен және өндірістік нысандар жұмысшыларымен ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтеді.

IPO және Қордың жекешелендіру бағдарламасы туралы толығырақ мамандандырылған ipo.sk.kz интернет-ресурсынан білуге болады.

Анықтама:

2025 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ 7 ірі активі ішінара бәсекелі ортаға шығарылады, олардың 6-ы IPO арқылы шығарылмақ. «ҚазМұнайГаз» IPO-сы осы жылға жоспарланған, олар AIX және KASE алаңдарында жарияланады.