Алматы қаласында IPO мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесулері басталды
10.10.2022
Алматы қаласында IPO мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесулері басталды «Самұрық-Қазына» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өкілдері ақпараттық-түсіндіру кездесулерінің науқаны шеңберінде, 10-14 қазан аралығында Алматы қаласының тұрғындарымен кездеседі. Іс-шараға қазақстандық брокерлік-дилерлік ұйымдар мен AIX және KASE қор биржаларының өкілдері де қатысады.

Сарапшылар тұрғындарға «Самұрық-Қазына» қорының жекешелендіру бағдарламасы мен портфельдік компаниялардың IPO-сын, оның ішінде бірінші IPO-кандидаты – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ туралы негізгі ақпаратты түсіндіреді, сондай-ақ азаматтарды қызықтыратын сұрақтарға жауап береді, оның ішінде акцияларды кімнен сатып алуға болатынын, сондай-ақ алаяқтардың әрекеттерінен өзіңізді қалай қорғау керек екенін түсіндіреді.

IMG_4661.JPG

«Самұрық-Қазына» қорының Даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Ернар Жанәділ бұған дейін мәлімдегендей, Қор IPO-дан кейін үш жылға «ҚазМұнайГаз» акциялары дивидендтерінің ең төменгі кепілді мөлшерін белгілеуге шешім қабылдады.

Біздің жергілікті нарық жақсы дамып келеді. Бұған қаржы технологияларын дамыту, қаржы институттарының қызметтерін цифрландыру және жалпы халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру ықпал етеді. Брокерлік шоттар санының шапшаң өсуі сенім ұялатады. Сондықтан біз компанияны ағымдағы жылдың соңына дейін IPO-ға шығарғымыз келеді», - деп атап өтті Ернар Жанәділ.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың ақпан айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Samruk business форумында сөйлеген сөзінде мемлекет иелігінен алу саясатының үш негізгі қағидатын атап өтті: жекешелендіру кезінде жеке монополистердің пайда болуын болдырмау, активтерді жеке қолға сату арқылы бюджетке түсетін жүктемені азайтуға ықпал ету және нақты экономикалық қайтарыммен ұлттық экономикаға салымды ұлғайту. 

IMG_4574.JPG

Алматы қаласында 30 астам ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізу жоспарланып отыр, кездесу барысында қатысушылар баламалы табыс көзі ретінде IPO тетіктері жайлы ақпарат алатын болады.

Бүгінгі таңда 2022 жылғы 16 қыркүйек – 7 қазан аралығында бүкіл еліміздің 60-тан астам қаласында 100 мыңнан астам тұрғындармен, компания қызметкерлерімен және өндірістік объектілердің жұмысшыларымен кездесулер өткізілді.

IPO және Қордың жекешелендіру бағдарламасы туралы ipo.sk.kz мамандандырылған интернет-ресурсынан толығырақ білуге болады.