«Самұрық-Қазына» сарапшылары Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының тұрғындарымен кездесулер топтамасы аяқтады
01.10.2022
«Самұрық-Қазына» сарапшылары Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының тұрғындарымен кездесулер топтамасы аяқтады «Самұрық-Қазына» сарапшылары Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының тұрғындарымен кездесулер топтамасы аяқтады

Еліміздің батыс өңірлерінде «Самұрық-Қазына» қорының жекешелендіру бағдарламасы және IPO тақырыптарында ақпараттық-түсіндіру кездесулерінің топтамасы аяқталды.

Эксперты «Самрук-Қазына» завершили серию встреч с жителями Западно-Казахстанской и Актюбинской областей

Қордың, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, KASE және AIX биржаларының сарапшылары, сондай-ақ брокерлік ұйымдардың өкілдері 26-27 қыркүйекте Орал және Ақсай тұрғындарымен кездесулер өткізді, оларға педагогтар, дәрігерлер, ардагерлер, «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ мемлекеттік қызметшілері мен қызметкерлері және басқа да бірқатар ұйымдар қатысты.

Эксперты «Самрук-Қазына» завершили серию встреч с жителями Западно-Казахстанской и Актюбинской областей

Ақтөбе облысының тұрғындарымен, атап айтқанда Ақтөбе, Қандыағаш, Хромтау қалаларының тұрғындарымен, сондай-ақ Әлібекмола мұнай кен орнының («Қазақойл Ақтөбе» ЖШС) қызметкерлерімен кездесулер 29-30 қыркүйек аралығында өткізілді. Шалғайдағы кен орындарында өткен кездесудің ерекшелігі оған Қожасай кен орнының («Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «Қазақтүрікмұнай» ЖШС) қызметкерлерін бейнеконференцбайланыс арқылы қосу болды. Сондай-ақ род-шоудың соңғы күні сарапшылар Ақтөбеде «Қазақтүрікмұнай» орталық офисінің қызметкерлерімен кездесті.

IMG_2891.JPG

Сарапшылар IPO деген не және «акция» деген не, оның құны мен биржалық бағамы неге байланысты екенін түсіндіруге ерекше назар аударды. Брокерлік компанияда шотты қалай ашуға болады, неге жылжымайтын мүлікке инвестиция салу сияқты бөлшек инвестициялау кезінде нарықтық тәуекелдерді ескеру қажет. Бұл банктік депозит емес, демек, мемлекет кепілдік берген кірістің болатынына уәде ету мүмкін емес.

IMG_2863.JPG

KASE және AIX өкілдері қор биржасының қалай жұмыс істейтінін, оның IPO ұйымдастырудағы рөлі, «Қазатомөнеркәсіп», «KEGOC» және «ҚазТрансОйл» сияқты компанияларда өткен табысты IPO мысалдары, қор нарығының қаржы құралдары, IPO өткізу кезеңінде инвестициялаудың артықшылықтары, KASE сайтындағы қаржылық есептілік арқылы компанияның қаржылық жағдайын тексеру мүмкіндігі туралы әңгімелеп берді. AIX өкілі IPO-ға Tabys мобильді қосымшасы немесе Қазпошта бөлімшесі арқылы тікелей қатысуға болатынын айтты. Кейіннен акцияларды сату үшін брокерде шот ашу қажет болады. 

IMG_3023.JPG

Halyk Finance, SkyBridge Invest, BCC Invest және «Фридом Финанс» төрт брокерлік компанияның сарапшылары акцияларды сатып алу кезінде қазақстандықтар компанияның пайдасынан дивидендтер түрінде де, акцияларды кейіннен қайта сатудан түскен пайда түрінде де кіріс ала алатынын түсінікті тілмен жеткізді. Брокерлер қалай компаниялардың акционері болуға болатындығы, акцияларды сатып алуға қалай өтініш беру керектігі, одан кейін не болатыны және лицензияланған брокерлерді неге таңдау керектігі жайлы толық әңгімелеп берді. Базалық кеңес беру және брокерлік шот ашу (брокерлік компаниялардың мобильді қосымшалары арқылы) тегін.

IMG_2959.JPG

Өңірлердің тұрғындары миноритарлық акционерлердің құқықтары туралы, акцияларға мұрагерлік құқықтардың ауысу шарттары туралы сұрады, сондай-ақ мұнай саласының көшбасшысы - «ҚазМұнайГаз» компаниясының дайындалып жатқан IPO-на қызығушылық танытты. Көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі ұлттық оператордың әртараптандырылған бизнесі тек мұнай сатудан пайда табуға ғана мүмкіндік бермейді. Екінші жағынан, компания Қазақстанда мұнай өндіру жағынан бірінші орында және әлемдік деңгейдегі ірі өндіруші жобалар — Қашаған, Теңіз, Қарашығанақтың қатысушысы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ іске асыратын барлау жобалары бойынша қор көлемінің өзі 8 млрд баррельден астам мұнай баламасын құрайды.

Эксперты «Самрук-Қазына» завершили серию встреч с жителями Западно-Казахстанской и Актюбинской областей

«Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және жоспарлау департаментінің директоры Мират Өтепов «ҚазМұнайГаз» компаниясының IPO мерзімдері бойынша шешімді тәуелсіз консультанттардың пікірін ескере отырып, Үкімет әзірге пысықтап жатқанын атап өтіп, әлеуетті жеке инвесторлардың назарын ойластырылған әрі сараланған шешімдер қабылдау қажеттілігіне аударды.

IMG_3753.JPG

«Әрбір инвестор барлық мән-жайларды ескере отырып, бір немесе басқа бағалы қағазға инвестициялау туралы шешім қабылдауы тиіс. Бұл ретте, «ҚазМұнайГаз» жергілікті нарықта IPO жүргізуге толығымен кедергі келтіретін мүлдем қолайсыз факторларды байқамады. Алайда, геосаяси тәуекелдерге, жаңа ұзақ мерзімді пандемиялық локдаундардың тәуекеліне, инфляциялық қысымның өсуіне және орталық банктер қабылдаған ақша-кредит саясатының шараларына байланысты екіұштылық барынша сақталатынын ескеру қажет»,- деп түсіндірді сарапшылар тобының негізгі спикері. Әр кездесудің соңында сарапшылар алаяқтық қосымшалар мен түрлі-түсті жалған видеолар салынған сайттар арқылы ғайыптан «бірнеше айда асыра пайда алуға болатынына» уәде беретін алаяқтардан сақ болуды ұсынды. Алда өткізілетін IPO туралы барлық қажетті ақпарат халыққа ресми ақпарат көздері арқылы уақтылы жеткізілетіні атап өтілді.

Эксперты «Самрук-Қазына» завершили серию встреч с жителями Западно-Казахстанской и Актюбинской областей

Мысалы, IPO және Қордың жекешелендіру бағдарламасы туралы ipo.sk.kz мамандандырылған интернет-ресурсынан және ұлттық компаниялардың ресми сайттарынан толығырақ білуге болады. 2022 жылғы 16-30 қыркүйек аралығында бүкіл еліміздің 60-тан астам қаласында тұрғындармен, компания қызметкерлерімен және өндірістік объектілердің жұмысшыларымен осындай кездесулер өтетінін естеріңізге сала кетейік.

Анықтама үшін:

2025 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 7 ірі активі, оның ішінде 6 актив IPO арқылы бәсекелес ортаға ішінара шығарылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ IPO-сы биылға жоспарланған. AIX және KASE алаңдарында орналастырылады.