«Самұрық-Қазына» қорының сарапшылары IPO мәселесіне қатысты Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізді
30.09.2022
«Самұрық-Қазына» қорының сарапшылары IPO мәселесіне қатысты Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізді 27-29 қыркүйек аралығында «Самұрық-Қазына» қорының, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ өкілдері бүкіл Қазақстан бойынша өткізілетін жекешелендіру және IPO тақырыптары бойынша кең ауқымды науқан шеңберінде, Шығыс Қазақстан облысында (Өскемен, Риддел, Алтай қалаларында) ақпараттық-түсіндіру кездесулерін ұйымдастырды. Іс-шараға қазақстандық брокерлік-дилерлік ұйымдар мен AIX және KASE қор биржаларының өкілдері де қатысты.
oskemen.jpg
Сарапшылар «Самұрық-Қазына» қорының жекешелендіру бағдарламасы мен портфельдік компаниялардың IPO-сын, оның ішінде бірінші IPO-кандидаты – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ туралы негізгі ақпаратты түсіндірді, сондай-ақ азаматтарды қызықтыратын сұрақтарға жауап береді, оның ішінде  акцияларды кімнен сатып алуға болатынын, алаяқтардың әрекеттерінен өзіңізді қалай қорғау керек екенін және тағы басқаларды түсіндірді.

«Самұрық-Қазына» АҚ комплаенс қызметінің басшысы атап өткендей, Қор жеке инвесторлар мен жеке тұлғаларды IPO-ға барынша көп тартуға тырысады.

«Инвесторлардың сапалы базасын құруды, сондай-ақ елдегі инвестициялық мәдениетті дамытуды Қор өз стратегиясының маңызды құрамдас бөлігі ретінде көреді. Осы мақсатта Қор ipo.sk.kz арнайы ресурсын іске қосты, онда қаржылық сауаттылық, инвестициялау негіздері және капитал нарықтарының жұмыс тетіктері жөніндегі материалдар бұқара халыққа қолжетімді. Ақпараттық-білім беру платформасының мақсаты – қалың жұртшылықты IPO процесімен таныстыру және «Самұрық-Қазына» қоры компанияларының акцияларын орналастыруға мүмкіндігінше көп адамды тарту», - деді спикер.

Тұрғындардың көп қоятын сұрақтарының бірі – акциялардың бағасына қатысты спикер, акцияларды сату туралы, сондай-ақ бір акцияның бағасы мен шарттары немесе баға диапазоны туралы қорытынды шешімді ҚР Үкіметі әлеуетті сұраныс пен нарық жағдайларын алдын ала бағалауды ескере отырып қабылдайтынын хабарлады. «Әзірге шешім қабылданған жоқ. Акцияларды сатып алу барлық қазақстандық жеке инвесторлар үшін бірыңғай бағамен қолжетімді болады деп жоспарланып отыр», - деп сөзін толықтырды Дәурен Ақшалов.

Шығыс Қазақстан облысында тұрғындарымен және жергілікті кәсіпорындардың жұмыскерлерімен 5 ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді, олардың барысында қатысушылар IPO тетіктері баламалы табыс көзі екенін білді.

2022 жылғы 16-30 қыркүйек аралығында бүкіл еліміздің 60-тан астам қаласында тұрғындармен, компания қызметкерлерімен және өндірістік объектілердің жұмысшыларымен осындай кездесулер өтетінін естеріңізге сала кетейік.

IPO және Қордың жекешелендіру бағдарламасы туралы ipo.sk.kz мамандандырылған интернет-ресурсынан толығырақ білуге болады.

Анықтама үшін:

2025 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 7 ірі активі, оның ішінде 6 актив IPO арқылы бәсекелес ортаға ішінара шығарылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ IPO-сы биылға жоспарланған. AIX және KASE алаңдарында орналастырылады.