«Самұрық-Қазына» қоры тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесулерін бастайды
13.09.2022
«Самұрық-Қазына» қоры тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесулерін бастайды «Самұрық-Қазына» қоры Қазақстанның барлық өңірлерінде IPO тақырыбында тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесулерін бастайды.

Халықпен, кәсіпорын жұмыскерлерімен және қоғам қайраткерлерімен кездесулер бүкіл елде 60-тан астам қалада өтеді. Іс-шараларға «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, AIX және KASE қазақстандық қор биржаларының және брокерлік-дилерлік ұйымдардың өкілдері қатысады.

Сарапшылар қоғамды Қордың жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялардың IPO-ның іске асырылу барысымен, оның ішінде бірінші IPO-кандидаты – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниясына қатысты негізгі ақпаратпен таныстырады.

«Самұрық-Қазына» АҚ мақсаттарының бірі - барлық қазақстандықтардың IPO-ға қатысуын қолжетімді ету. Үкіметтік Жекешелендіру жоспарын іске асыру шеңберінде, Қор Қазақстан Республикасының азаматтарына өз активтерін бәсекелес ортаға шығару тетіктері және елдің ірі компанияларының IPO-ға қатысу мүмкіндіктері туралы толық ауқымды ақпарат таратуды жалғастырады.

Анықтама үшін: 

2025 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 8 ірі активі, оның ішінде IPO арқылы бәсекелес ортаға ішінара шығарылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ IPO-сы осы жылға жоспарланған.