«Самұрық-Қазына» қоры IPO мәселесіне қатысты Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесу өткізді
27.09.2022
«Самұрық-Қазына» қоры IPO мәселесіне қатысты Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесу өткізді 26-30 қыркүйек аралығында «Самұрық-Қазына» қорының, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ өкілдері ақпараттық-түсіндіру кездесулері науқанының аясында Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті. Қазақстандық брокерлік-дилерлік ұйымдар мен AIX және KASE қор биржаларының өкілдері де іс-шараның қатысушылары болды.

Сарапшылар тұрғындарды «Самұрық-Қазына» қорының жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялары IPO-сының іске асырылу барысымен, оның ішінде бірінші IPO кандидаты - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниясы туралы негізгі ақпаратпен таныстырды, сондай-ақ тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

«Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді жекешелендіру және қайта құрылымдау департаментінің аға менеджері Айжан Қайратованың айтуынша, Қор IPO-ны әрбір қазақстандық үшін қолжетімді етуге ниетті. Осыған байланысты 16 қыркүйектен бастап ҚР азаматтарын Қордың портфельдік компанияларының IPO-на қатысу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпараттандыру жұмысы жүргізілуде.

WhatsApp Image 2022-09-23 at 21.09.54.jpeg

 «Компанияның IPO-на қатысуға Қазақстан Республикасының азаматтары атынан барлық мүдделі институционалдық және бөлшек инвесторлар шақырылады. Бұл дегеніміз, әрбір қазақстандықтың ҚМГ акцияларын сатып алып, Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ компаниясының ортақ иесі болуға мүмкіндігі болады», - деп ойын бөлісті Айжан Қайратова.

Жамбыл облысы бойынша Тараз, Қаратау, Жаңатас қалаларында, сондай-ақ жақын маңдағы ауылдарда барлығы 10 ақпараттық-түсіндіру кездесулері ұйымдастырылды, олардың барысында қатысушылар IPO тетіктері баламалы табыс көзі екенін білді.

2022 жылғы 16-30 қыркүйек аралығында еліміздің 60-тан астам қаласында тұрғындармен, компания қызметкерлерімен және өндірістік объектілердің жұмысшыларымен осындай кездесулер өтетінін естеріңізге сала кетейік.

IPO және Қордың жекешелендіру бағдарламасы туралы ipo.sk.kz  мамандандырылған интернет-ресурсынан толығырақ білуге болады.

Анықтама үшін:
2025 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 7 ірі активі, оның ішінде  6 актив IPO арқылы бәсекелес ортаға ішінара шығарылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ IPO-сы биылға жоспарланған. AIX және KASE алаңдарында орналастырылады.