«Самұрық-Қазына» қоры IPO мәселелері бойынша Ш. Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС қызметкерлерімен кездесу өткізді
28.09.2022
«Самұрық-Қазына» қоры IPO мәселелері бойынша Ш. Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС қызметкерлерімен кездесу өткізді «Самұрық-Қазына» қорының өкілдері 2022 жылғы 27 қыркүйекте Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС қызметкерлерімен IPO бағдарламасына қатысу мүмкіндігі туралы кездесу өткізді.

Сарапшылар кездесуге қатысушыларды «Самұрық-Қазына» қорының жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялардың IPO-ның іске асырылу барысымен, оның ішінде бірінші IPO-кандидаты - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ туралы негізгі ақпаратпен таныстырды. Ұйымдастырушылар кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

А Кайратова_Конаев.JPG
«Мен Мемлекет басшысының экономиканы мемлекет иелігінен алу туралы идеясын қолдаймын. Бүгін бізді «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компанияларының IPO-сына қатысу мүмкіндіктері туралы хабардар етті. Баламалы табыс көзі ретінде IPO тетіктерін пайдалануға болатынын білдік», - деді Бухгалтерлік есеп бөлімінің бухгалтері Елена Наумова, ол станцияда 6 жылдан астам уақыт еңбек етуде.

Қор өкілдері IPO ұлттық компанияларды жекешелендірудің ең ашық тәсілдерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Бұл ретте, биржаға шыққаннан кейін компанияларға негізгі бақылау жасау «Самұрық-Қазына» қоры арқылы мемлекетте қалады деп болжануда.

«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын одан әрі іске асыру «Самұрық-Қазына» АҚ-ға өз активтерінің құрылымын жақсартуға, компаниялар жұмысының тиімділігін арттыруға, технологиялар трансферті үшін жағдайлар жасауға, экономиканың негізгі салаларын дамытуға капитал тартуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жекешелендіру шағын және орта бизнестің дамуын ынталандыруға, қосымша жұмыс орындарын ашуға, импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді жекешелендіру және қайта құрылымдау департаментінің аға менеджері Айжан Қайратова.

Кездесуге қатысушылар баламалы табыс көзі ретінде IPO тетіктері туралы, сондай-ақ ілеспе тәуекелдер туралы білді.

«Біз – Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС қызметкерлері, бүгін IPO бағдарламасымен танысу мүмкіндігіне ие болдық. Компания қызметкерлерінің қаржылық сауаттылығын арттыру үшін роуд-шоу түрінде ақпараттық бағдарлама өткізген өте пайдалы деп санаймын», - деп атап өтті Ғимараттар мен гидроқұрылыстарды пайдалану цехы бастығының орынбасары Берікбол Қиақбаев.

Фото Конаев 2.JPG
Станцияның электр машина цехының инженер-электроншысы Қанат Орымбек, бүгінгі кездесуден кейін ұлттық компаниялардың акцияларын сатып алудың нақты мүмкіндігі бар, ең бастысы, екінші табыс көзі ретінде өз дивидендтерімізді алу деп санайды.

«Қапшағай ГЭС-інде 13 жылдан астам жұмыс істеп келемін. Бүгін IPO-ны түсіндіруге бағытталған ақпараттық кездесуде болып, Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-тің қарапайым қызметкері маған да ІРО-ға қатысу қолжетімді екенін білдім.», - деп сөзін жалғастырды Электр машина цехының электр станцияларының электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі 6-разрядты электр слесарі Мамырәлі Сейітбек. 

2022 жылғы 16-30 қыркүйек аралығында еліміздің 60-тан астам қаласында тұрғындармен, компания қызметкерлерімен және өндірістік объектілердің жұмысшыларымен ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтіп жатқанын естеріңізге сала кетейік.

IPO және Қордың жекешелендіру бағдарламасы туралы ipo.sk.kz мамандандырылған интернет-ресурсынан толығырақ білуге болады.

Анықтама үшін:

2025 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 7 ірі активі, оның ішінде 6 актив IPO арқылы бәсекелес ортаға ішінара шығарылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ IPO-сы биылға жоспарланған. AIX және KASE алаңдарында орналастырылады.