Қазатомөнеркәсіп қызметкерлерін «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компанияларының жекешелендіру бағдарламасымен және IPO-мен таныстырды
03.10.2022
Қазатомөнеркәсіп қызметкерлерін «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компанияларының жекешелендіру бағдарламасымен және IPO-мен таныстырды 3 қазан күні Астанада «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлерімен жекешелендіру және «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Қор) портфельдік компанияларының IPO мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Спикерлер ретінде Қордың, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, қазақстандық AIX және KASE қор биржаларының және брокерлік-дилерлік ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі.

Кездесу аясында атом холдингі қызметкерлерін Жекешелендіру бағдарламасының және Қордың портфельдік компанияларының IPO іске асыру барысымен, оның ішінде бірінші IPO-кандидат – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бойынша негізгі ақпаратпен таныстырды. Іс-шараға қатысушылар бағалы қағаздарға инвестициялауға қатысты қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға мүмкіндік алды. Сарапшылар табыс табу мүмкіндіктері мен акциялар саудасына байланысты ықтимал тәуекелдер туралы айтты. 

DSC07671.JPG

«Мұндай кездесулердің мақсаты – халыққа, еліміздің әрбір азаматына «Самұрық-Қазына» АҚ тобындағы активтер мен мемлекеттік объектілерді бәсекелестік ортаға беру туралы ақпаратты түсіндіру.  Әрине, біз қор нарығына шығатын IPO үміткерлеріне басты назар аударамыз. IPO-ға шыққаннан кейін компанияның өмірі түбегейлі өзгереді. Компания листингтің жоғары талаптарына сай болуы, үздік халықаралық практикаларға сәйкес ішкі және сыртқы процестерді жүзеге асыруы, инвесторлармен белсенді өзара іс-қимыл жасауы, корпоративтік басқару деңгейін жетілдіруі, өз қызметін ашық және жария түрде жүргізуі, өзінің барлық акционерлері үшін пайданы барынша арттыруға ұмтылуы тиіс – мұның бәрін біз бүгін Қазатомөнеркәсіптің мысалында көріп отырмыз», - деп атап өтті жекешелендіру және «Самұрық-Қазына» АҚ активтерін қайта құрылымдау департаментінің директоры Дастан Адиходжаев.

Мәлім болғанындай, Қазатомөнеркәсіп «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жекешелендіру бағдарламасы шеңберінде акциялары жергілікті және халықаралық капитал нарығына ұсынылған алғашқы портфельдік компаниясы болды. Қазіргі уақытта компания акцияларының 75%-ы «Самұрық-Қазына» АҚ-ға, ал 25%-ы еркін айналымда.

«AIX тарихы Қазатомөнеркәсіптің IPO-сымен 2018 жылғы қарашада биржада атом компаниясының акцияларын сату басталған кезде басталды. Бүгінгі таңда біздің мақсатымыз – қор нарығын Қазақстанның барлық азаматтарына олардың ауқаттылық деңгейіне және орналасқан жеріне қарамастан қолжетімді және жақын ету, өйткені өз жинақтарын қайда салуға болатынын кең таңдау мүмкіндігі болуы керек. Біз қор нарығындағы инвестицияларды бірінші болып демократиялық жолмен жасадық. Шамамен 2 жыл бұрын AIX қарапайым және қол жетімді, кіру шегі төмен Tabys мобильді қосымшасын іске қостық – бес АҚШ долларынан бастап, тіпті жаңадан келген инвестор үшін де түсіну оңай. Осы қосымша арқылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ IPO - ға және Қазақстанның барлық ұлттық компанияларын орналастыруға қатысуға өтінім беруге болады", - деді AIX басқарма төрағасы Ренат Бектұров.

IPO-ға шыққаннан бері «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өз акционерлеріне үнемі дивидендтер төлеп келеді. 2021 жылға дивидендтік төлемдердің жалпы сомасы 227 млрд теңгені құрады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндірістік кәсіпорындарының қызметкерлерімен IPO мәселелері бойынша осындай ақпараттық-түсіндіру кездесулері өткен болатын. 

Қордың портфельдік компанияларының IPO және жекешелендіру бағдарламасы туралы толығырақ Қордың www.ipo.sk.kz интернет-ресурсынан білуге болады.