Қазақтелеком» АҚ-ның жүзден астам қызметкері «Самұрық-Қазына» компанияларының жекешелендіру және IPO жоспарларымен танысты
04.10.2022
Қазақтелеком» АҚ-ның жүзден астам қызметкері «Самұрық-Қазына» компанияларының жекешелендіру және IPO жоспарларымен танысты Астанада «Қазақтелеком» АҚ-ның қызметкерлерімен «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының IPO мәселелері және жекешелендіру бойынша сарапшылардың кезекті ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.  

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің 60-тан астам елді мекенінде қыркүйек айының ортасынан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдерінен, банктерден, брокерлік ұйымдардан және қор нарығының мамандарынан тұратын арнайы делегация тұрғындармен, компания қызметкерлерімен және өндірістік объектілердің еңбеккерлерімен кездесулер өткізуде.

Более сотни сотрудников АО «Казахтелеком» ознакомились с планами приватизации и IPO компаний «Самрук-Казына»

Еліміздің ірі телеком-операторының аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерімен осындай ақпараттық-түсіндіру кездесулері қыркүйек айында түрлі өңірлерде өткізілген болатын, қазан айындағы кездесу компанияның негізінен Астаналық қызметкерлерін қамтыды. Отырысқа «Қазақтелекомның» жүзден астам қызметкері қатысты – офлайн режимде 30 адам және онлайн-арналардың көмегімен 100-ден астам адам қашықтан қосылуға мүмкіндік алды. Бұл кездесудің негізгі спикерлері ІРО бағдарламасына қатысушы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Қазпошта» АҚ өкілдері, сондай-ақ AIX және KASE Қазақстандық қор биржаларының және брокерлік-дилерлік ұйымдардың қызметкерлері болды.

Кездесу аясында телеком-оператордың қызметкерлері Қордың портфельдік компанияларының жекешелендіру бағдарламасы мен IPO-ның іске асырылу барысымен танысып, IPO-кандидат – «ҚазМұнайГаз» ҰК бойынша толық ақпарат алды. Сонымен қатар, сарапшылар бағалы қағаздарды сатып алудан кіріс алу тетіктеріне тоқталып, акциялар саудасына байланысты ықтимал тәуекелдер туралы ескертті.

Более сотни сотрудников АО «Казахтелеком» ознакомились с планами приватизации и IPO компаний «Самрук-Казына»

«Қазақтелекомның» қызметкерлері 2006 жылдың қараша-желтоқсан айларында «Қазпоштаға» жазылым арқылы және Қазақстан қор биржасында халыққа арналған алғашқы орналастыру кезінде және компанияның қызметі IPO - ға шыққаннан кейін болатын түбегейлі өзгерісті жақсы біледі және меншік иелерінің құрамында миноритарийлер пайда болатынын түсінеді, - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ-ның Персонал жөніндегі бас директоры Берік Битабаров. – «Қазақтелеком» ұзақ уақыт бойы үздік халықаралық тәжірибелерге сәйкес келетін ең жоғары стандарттар бойынша жұмыс істеп келеді, басқарушылық және өндірістік процестерді жетілдіре отырып, компанияны үнемі жетілдіріп отырады, өз қызметін барынша ашық және жария түрде жүзеге асырады. Жалпы жекешелендіру процесін жүргізу, «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компанияларының акцияларын ұсыну, сайып келгенде, барлық тарапқа да тиімді", - деп атап өтті ол.

AIX биржасының басқарма төрағасы Ренат Бектұров өзінің жұмысы 2018 жылдың күзінде басталған сәттен бастап осы құрылымның басты мақсаттарының бірі ішкі қор нарығын барлық қазақстандықтар үшін қолжетімді алаң ретінде қалыптастыру екенін атап өтті. Ол үшін брокерлер өз қызметінде телеком-индустрияның озық әзірлемелерін де пайдаланады.

«Шамамен екі жыл бұрын AIX қарапайым және қол жетімді, кіру шегі төмен Tabys мобильді қосымшасын іске қосқан болатын - бес доллардан бастап, оны басқару жеңілдетілген, тіпті жаңадан келген инвестор үшін де түсіну оңай. Осы қосымша арқылы «ҚазМұнайГаз» ҰК IPO - ға және басқа да ұлттық компаниялардың акцияларын орналастыруға өтінім беруге болады», - деді сеніммен Бектұров.

Қордың портфельдік компанияларының IPO және жекешелендіру бағдарламасы туралы толығырақ Қордың тиісті интернет-ресурсынан білуге болады www.ipo.sk.kz