«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қор нарығына желтоқсан айында шығарылады
14.10.2022
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қор нарығына желтоқсан айында шығарылады «Қазақстанның барлық өңірінде дерлік қаржы нарығына инвестиция салу барысы туралы және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның IPO-ға шығу жоспары туралы айтылды. Әдетте IPO-да өтінім қабылдау 3 күннен бастап, 7 күнге дейін жалғасады. Алайда көптеген қазақстандықтың қаржы нарығына алғаш қадам басқалы отырғанын ескеріп, өтінім қабылдау уақытын 3-4 аптаға дейін создық. ҚазМұнайГаз IPO мәмілесін желтоқсанның бірінші жартысында орындауды жоспарлап отырмыз», – деді Ернар Жанәділ.

«Қазақстанның барлық өңірінде дерлік қаржы нарығына инвестиция салу барысы туралы және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның IPO-ға шығу жоспары туралы айтылды. Әдетте IPO-да өтінім қабылдау 3 күннен бастап, 7 күнге дейін жалғасады. Алайда көптеген қазақстандықтың қаржы нарығына алғаш қадам басқалы отырғанын ескеріп, өтінім қабылдау уақытын 3-4 аптаға дейін создық. ҚазМұнайГаз IPO мәмілесін желтоқсанның бірінші жартысында орындауды жоспарлап отырмыз», – деді Ернар Жанәділ.

Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – қаржы директоры Дәурен Қарабаев IPO қарсаңында ҚазМұнайГаз 2031 жылға дейін даму стратегиясын жаңартқанын, геологиялық барлау жобаларын одан әрі дамыту жоспарланып отырғанын хабарлады.

«Біз Теңіз және Қашаған ірі жобаларында мұнай өндіруді ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Полиэтилен, бутадиен жобалары бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, мұнай-газ химиясын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Полипропилен өндіретін зауыт таяуда іске қосылады. Бұдан басқа, инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін тау-кен жобаларынан басқа, біз мемлекетіміздің азаматтарына дивидендтерге көбірек сенімділік беретін арнайы шаралар қабылдаймыз. Біз IPO алдында жарияланатын алдағы үш жылға арналған дивидендтердің ең төменгі мөлшері жайлы айтып отырмыз», – деді Дәурен Қарабаев. 

Мұнымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді жекешелендіру және қайта құрылымдау департаментінің директоры Дастан Адиходжаев кездесу барысында "ҚазМұнайГаз" АҚ-ның компанияның инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік беретін айтарлықтай өсу нүктелерін атап өтті.

«Біз «ҚазМұнайГаз» жолын дивиденд тарихы ретінде ғана қарастырмаймыз, компания жұмысының бір ізге түсіп үлгергеніне және мұнай бағасы қолайлы болса, мол дивиденд ағымымен қамтамасыз ететініне қарамастан, бұл – өсу тарихы, себебі, өсу нүктесі ретінде қарастыруға болатын мұнай химиясы мен геологиялық барлау жобалары және Теңіз немесе Қашағандағы жоспарлы кеңейту жұмыстары бар», – деді Дастан Адиходжаев.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар мен БАҚ өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 27 маусымда «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысында қарапайым азаматтардың IPO-ға қатысу мүмкіндігін кеңейту қажеттігін атап өткенін естеріңізге сала кетейік.

«Еліміздің қарапайым азаматтарының ұлттық компаниялардың акцияларын сатып алып, салымдардан өз дивидендтерін алу мүмкіндігі болуы тиіс. Осылайша, халықтың инвестициялық мәдениеті қалыптасады. IPO-ға қатысу Қазақстанның бүкіл тұрғындары үшін қолжетімді болуға тиіс. Ал бұл үшін қағазбастылық пен бюрократияны болдырмайтын жаңа цифрлық шешімдер қажет», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

IPO және Қордың жекешелендіру бағдарламасы туралы толығырақ ipo.sk.kz сайтынан білуге болады.