«Stop Fake IPO»
жобасы
ЖОБА ТУРАЛЫ

StopFakeIPO – бұл «Самұрық-Қазына» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бастамасымен IPO тақырыбында алыпсатарлық жасайтын алаяқтардың қызметін болдырмау мақсатында жасалған жоба.

Жоба материалдарынан сіз IPO-ға қатысудың нақты мүмкіндігі туралы және алаяқтарды қалай танып, олардың құрбаны болмау туралы ресми сенімді ақпаратты таба аласыздар.

StopFakeIPO ЖОБАСЫНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫН ҚАЙДАН ОҚУҒА БОЛАДЫ?

StopFakeIPO жобасы төрт интернет-ресурста ұсынылған:


Алаяқтар қалай әрекет етеді?

Қазіргі уақытта алаяқтар ең алдымен интернет-ресурстарды пайдаланады: жалған сайттар мен әлеуметтік желілердегі парақшалар жасайды, интернет-жарнаманы және электрондық хаттарды таратуды іске қосады.

Алаяқтар қазақстандықтарға ақшаны «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына инвестиция салуды ұсынып, мұнай мен газды сатудан тез пайда табуға уәде береді. Бұл алдау. Тез және 100% пайда туралы уәделерге сенбеңіздер.

Есіңізде болсын, акцияларға қаражат салу — бұл болашаққа арналған инвестиция. Ешкім нарықтың нақты мінез-құлқын болжай алмайды, сондықтан қор нарығында ақша табуға да, салынған ақшаны жоғалтуға да болады. Тез пайда табуға уәде беру - алаяқтықтың белгісі.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ IPO қашан өтеді?

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ IPO 2022 жылы өтеді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларын бастапқы орналастыру AIX және KASE алаңдарында жүргізіледі. Осы мақсатта «Самұрық-Қазына» АҚ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен бірлесіп, қазақстандық жетекші инвестициялық банктерді жобаға тартты.

Қор «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ IPO-сын Қазақстанның барлық тұрғындары үшін қолжетімді етуді, сондай-ақ бөлшек және институционалдық инвесторлардың барынша көп санын қамтуды жоспарлап отыр

Акцияларды үйден шықпай-ақ әртүрлі тәсілдермен сатып алуға болады: ол үшін Қазпоштаның, биржалардың және брокерлердің цифрлық инфрақұрылымын, сондай-ақ Tabys ресми мобильді қосымшасын пайдалану жоспарлануда.

Тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіздер!

АҚ «Самұрық-Қазына» мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ барлық қазақстандықтарды еліміздің жетекші мұнай-газ ұлттық компаниясының акцияларын сатып алуға қатысуға шақырады, бірақ азаматтардан қырағы болуды және тек ресми дереккөздерге сенуді сұрайды:

«Самұрық-Қазына» АҚ

  • Қордың ресми сайты: www.sk.kz

  • Қордың IPO туралы сайты: ipo.sk.kz

  • Facebook: facebook.com/SamrukKazyna

  • Instagram: instagram.com/samrukkazyna_official

  • Telegram: t.me/samrukazynaofficial

  • YouTube: https://www.youtube.com/user/SKazyna

  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ

  • Компанияның ресми сайты: www.kmg.kz

  • Facebook: facebook.com/kazmunaygaspress/

  • Instagram: instagram.com/kazmunaygaspress

  • Telegram: t.me/kmgpress

  • YouTube: youtube.com/user/KazMunaiGas

  • StopFakeIPO жобасымен байланыс

    StopFakeIPO жобасы алаяқтық әрекеттерге қарсы іс-қимылға байланысты маңызды жаңалықтар туралы және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ нағыз IPO барысы туралы хабардар ететін болады.

    Сұрақтар мен ұсыныстарды келесі поштаға жіберуге болады: stopfakeipo@sk.kz.