АКТИВ ПАСПОРТЫ
Aysir Turizm ve Insaat A.S.
Атауы
Aysir Turizm ve Insaat A.S.
Ұйымдастыру нысаны және операцияның басталу күні

«Аysir Turizm ve Insaat A.S» акционерлік қоғамы

Құрылған күні: 1997 ж.

Активтің және олардың үлестерінің меншік иесі/(лері)

«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС (75%),

Orhan Yilmaz – (24,99%),

Kerem Berk Yilmaz – (0,005%),

Tuba Yilmaz – (0,005%)

Қызметтің сипаттамасы

5 жұлдызды Kempinski Hotel Barbaros Bay Bodrum Барбарос шығанағының жағасында өзінің жағажайы мен инфрақұрылымы бар.

Ағымдағы мәртебесі

Айсир акцияларының 75%-ы «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС-ға (бұдан әрі – ҚМГС) тиесілі, қалған 25%-ы Миноритарлық акционерлерге тиесілі. Осы активті сатып алғаннан кейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) халықаралық инвестор ретінде компанияны дамытуға елеулі қаржы қаражатын салды. Алайда 2016 жылдан бастап ҚМГ Айсир компаниясын басқаруды жүзеге асыру кезінде қиындықтарға тап болды.

Осыған байланысты «Самұрық-Қазына» АҚ 2022 жылғы 12 сәуірде ҚР Сыртқы істер министрлігіне (ҚР СІМ) ҚР-ның Түркиядағы дипломатиялық өкілдігінің қызметкерлерін тарта отырып, ҚМГ/ҚМГС жүзеге асырған инвестицияларды қорғау бойынша, сондай-ақ Түркия аумағында сот талқылауларын жүзеге асыру кезінде ҚМГС-ның бұзылған заңды құқықтарын және ҚМГ/ҚМГС өкілдері тарапынан Айсир компаниясын басқаруға қол жеткізу құқығын қалпына келтіру бойынша көмек көрсету туралы өтініш білдіріп, хат жолдады.

2022 жылғы 14 сәуірде ҚР СІМ ҚР-ның Түркия Республикасындағы Елшілігінің атына тапсырма жолдады9. ҚМГ-ның Айсир бойынша Елшілікке 2022 жылғы 25 сәуірде жолдаған қосымша материалдарын назарға ала отырып, осы кезеңде Айсир компаниясына бақылауды қалпына келтіру бойынша консультациялардың басталуын және жоспарланған іс-қимылдарды растау күтілуде.

Мемлекеттік комиссияның 2021 жылғы 15 желтоқсандағы шешімімен активті бәсекелес ортаға беру мерзімі 2022 жылға келісілді. Компанияның 75% үлесін стратегиялық инвесторға сату қарастырылуда.

Активті сату әдісі

Бекіту процесінде

ESG-дің күн тәртібі

Бүгінгі таңда ESG бөлігі бойынша жеке енгізілген саясат жоқ, бірақ компанияның бизнес-процестерінде тұрақты даму қағидаттары қаланған және ESG факторларына бағдар бар.

Компания туралы тизер
Тізімге оралу