«Самұрық-Энерго» АҚ қызметінің негізгі түрлері – Қазақстан Республикасындағы энергетикалық активтерді басқару, сондай-ақ қазіргі бар қуаттарды жаңғыртуға және жаңа құрушы қуаттарды салуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының энергетикасына жаңа технологияларды енгізу.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының құрамында ірі өндіруші компаниялар, соның ішінде ұлттық маңызы бар станциялар:
1. Екібастұз МАЭС-1 және МАЭС-2;
2. Елдің оңтүстік өңірлерінің су электр станциялары - Шардара СЭС және Мойнақ СЭС;
3. Қазақстандағы ең ірі көмір өндіруші кәсіпорын – «Богатырь Көмір» ЖШС;
4. Баламалы энергия өндіретін ЖЭК объектілері – жел және күн электр станциялары;
5. Аймақтық тарату желісі және сату компаниясы.
Компанияның негізгі артықшылықтары:
ЖЭК жобаларын іске асыруда жинақталған сараптама;
Компанияның портфелінде ЖЭК және СЭС активтерінің болуы;
Қазақстан Республикасындағы қуаттардың жалпы тозу деңгейіне қатысты тиімді энергетикалық қуаттар;
Мемлекет және Қор тарапынан қолдау;
Өндірудің өзіндік құны төмен энергетикалық көмірдің үлкен қорларының болуы.
Негізгі нарықтар:
ҚР БЭЖ аймақтары бойынша өнімді өткізу (электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарықтары, жылу энергиясының жергілікті нарықтары) және «Самұрық-Энерго» АҚ ЕТҰ қызметтерінің негізгі нарықтары:
1. Солтүстік аймақ – Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласы;
2. Оңтүстік аймақ – Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы
3. Батыс аймақ – Маңғыстау облысы. Бұдан басқа өндірілетін энергетикалық көмір Қазақстанның ішкі нарығында сатылады және Ресей Федерациясына экспортталады.
«Самұрық-Энерго» АҚ электр станцияларының белгіленген жиынтық қуаты 2022 жылғы 1 қаңтарға 6 215,1 МВт құрады, бұл Қазақстан электр станцияларының жалпы белгіленген қуатының 25,9%-ын құрайды.
Компания электр станцияларының әртараптандырылған портфеліне иелік етеді:
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның электр станциялары
2022 жылғы 01 қаңтарға белгіленген қуат
2022 жылғы 01 қаңтарға иелік қуаты
«Самұрық-Энерго» АҚ
6 215,1
5 753,4
«Екібастұз МАЭС-1» ЖШС
3500
3 500
«Екібастұз МАЭС-2» АҚ
1000
971,3
«Samruk-Green Energy» ЖШС
8,4
8,4
«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС
45
45
Самұрық-Энерго компанияның электр энергиясы нарығының үлесін
2019 жылғы 29%-дан 2021 жылы 31%-ға дейін біртіндеп арттырады.
Таза пайда соңғы 3 жылда
тұрақты өсіп келеді.
Қарыз/EBITDA коэффициенті 2019 жылғы 3,31-ден 2021 жылы 2,41-ге дейін төмендеді.
Компания 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейін электр энергиясын өндіруді біртіндеп арттырды.