АКТИВ ПАСПОРТЫ
«Солтүстік Қатпар» ЖШС
Атауы
«Солтүстік Қатпар» ЖШС
Ұйымдастыру нысаны және операцияның басталу күні

«Солтүстік Қатпар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жобаны іске қосу: 2015 ж.

Активтің және олардың үлестерінің меншік иесі/(лері)

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ (100%)

Қызметтің сипаттамасы

Кен орнын (карьерді) игеру, байыту фабрикасын және гидрометаллургиялық зауыт салу жөніндегі жоба.

2023 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Ағымдағы мәртебесі

Жобаны іске асыру үшін стратегиялық әріптесті тарту қарастырылуда.

Активті сату әдісі

Бекіту процесінде

ESG-дің күн тәртібі

2021 жылы «PricewaterhouseCoopers» тәуелсіз консультантымен бірлесіп, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның 2022-2023 жылдарға арналған орнықты дамуды енгізу жоспары әзірленді. Жоспарға ESG күн тәртібінің көптеген мақсаттары кіреді. Негізгі мақсаттар төменде келтірілген:

- Экономикалық: компанияның негізгі қызметі үшін ұзақ мерзімді негізде «жасыл инвестициялар» қағидаттарын енгізу, жаңа инвестициялық жобалар үшін өлшемшарттардың бірі ретінде тұрақты даму мен экологиялық таза технологияларды енгізу, жеткізушілерді таңдау үшін қосымша өлшемшарттар ретінде корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейі мен этикалық қағидаттарды сақтау талаптарын қосу;

- Экологиялық: ағымдағы жағдайға талдау жүргізу және компанияның экологиялық саясатын өзектендіру, ISO14001 стандартына сәйкестікке ішкі аудит қорытындылары бойынша экологиялық мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, TCFD әдіснамасына сәйкес 2022-2023 жылдарға арналған тәуекелдер тіркеліміне қосу;

Әлеуметтік: жалдау және еңбек жағдайларына қанағаттану деңгейі, жалақы деңгейі бойынша әлеуметтік әл-ауқат рейтингі бойынша ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспар/бағдарламалар әзірлеу, GRI және ISO 10018 халықаралық стандарттарына сәйкес кадр саясатын жаңарту, сол саладағы компаниялардың стандарттарын салыстыра отырып, ұйымның Іскерлік этика кодексін қайта қарау.

Компания туралы тизер
Тізімге оралу